• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Қазан, 2010

Өзара қызметтестік әлеуеті

499 рет
көрсетілді

“Нұр Отан” ХДП қызметінің басым бағыттарының бірі халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру мәселесі болып табылады. Осы орайда, партия халықтың әлеуметтік осал жіктерімен жұмыс істейтін ҮЕҰ психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған бірқатар іс-шараларын ұйымдастыру туралы “Іc company” психоанализ және психотерапия орталығының бастамасын қолдады. “Нұр Отан” ХДП Алматы қала­лық филиалында халықтың әлеу­мет­тік осал жіктерімен өзара іс-әрекет етуге бағытталған Алматы қаласы­ның үкіметтік емес ұйымдарының басшылары және қызметкерлерімен семинар-тренинг өтті. Оның мақ­саты кәсіптік сипатта туындайтын психологиялық проблемаларға қоғамдастықтардың назарын аудару болып табылды. Қызметтері халық­тың әлеуметтік осал жіктерімен (зейнеткерлер, ісік ауруларымен ауыратындар, мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын тартып жүрген, есірткі мен алкогольге тәуелді адамдар және т.б.) өзара іс-әрекет етуге бағытталған қызметкерлер психологиялық кли­маты жайсыз жағдайда жұмыс іс­тейді. Күн сайынғы және бірсарын­ды, адамнан үлкен шыдамдылықты талап ететін жұмыс “эмоциялық жану синдромына” және олар үшін қобалжудан туындайтын басқа да эмоциялық зақымдарға әкеліп соқтырады. Осыған байланысты мұндай құбылыстардың алдын алу және болдырмаудың алар орны зор. Астана қаласында “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы­ның Орталық аппаратында ағымдағы жылғы шілде айында осындай іс-шара өткізіліп, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар оң баға берген болатын. “Егемен-ақпарат”.