• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Қазан, 2010

Сазгер кеші

633 рет
көрсетілді

Таяуда Астанада белгілі сазгер, өнер зерттеуші әрі композитор, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Қайыржан Мақановтың шығармашылық кеші болып өтті. Қазақ мемлекеттік консерваториясын бітіргеннен кейін Құрманғазы атындағы ұлт аспаптары оркестрінде домбырашы болып еңбек жолын бастаған Қ.Мақанов өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының басында Торғай облыстық филармо­ния­сы жанынан фольклорлық-этно­графия­лық “Шертер” ансамблін құрады. Осы­нау өнер ұжымының өмірге келуіне есімі халқымызға кеңінен танымал азамат, ұлттық өнеріміздің жанашыры, сол кез­дері Торғай облыстық партия комитеті­нің хатшысы болып жұмыс істеген Өзбек­­әлі Жәнібековтің зор қамқорлық жаса­ға­нын да айта кету қажет. Жергі­лікті өнер­паздардан құрылған “Шертер” ан­самблі кезінде бірқатар шетелдерге де гастроль­дік сапарлармен шығып қазақ халқының музыка өнерін насихаттау ісіне елеулі атсалысты. Сазгер одан ке­йін­гі жылдары сол кездегі Гурьев және Торғай облыс­тарында филармония бас­шысы, музыка училищесінің директоры болып еңбек етті. Қайыржан Мақанов­тың ұзақ жылдар бойы өнер саласына сіңірген еңбегі “Құрмет” орденімен атап өтілді. Кеште композитордың өз шығар­маларымен қатар, ел арасында кеңінен таралуына өзі себепкер болған бірқатар халық композиторларының да әндері орындалды. Венера ТҮГЕЛБАЙ.