• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2010

Ақадырға да көмек көлдей

388 рет
көрсетілді

Егіндібұлақ сияқты Ақадыр да бұрын аудан орталығы болатын. Шет ауданына қосылған соң кент тыныс-тіршілігінің қызуы бәсеңсіп қалды. Тек тоғыз жолдың торабы түйіскен станса саналуынан жұрттың деніне сол демеу болды. Мінеки, енді бертіннен бастап сілкініп, серпіліп, кезіндегі дүрілдеген қалпына еніп келе жатқан түрі бар. Шырайын аша түсуге, тұрмысын көркейтуге жақында облыстық әкімдік пен “Қазақстан темір жолы” ҰК, “Кегок” АҚ және “Астана моторс” компаниясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы жол салды. Соған сәйкес аталған үш компания кенттің әлеуметтік-экономикалық дамытудың үлкен салмағын өз мойындарына жүктеді. Жергілікті тұрғындардың көбі осы құрылымдар еңбеккерлері болып табылады. “Қазақстан темір жолы” АҚ мәселен, өз қаражаты есебінен теміржол вокзалын салады. Сонымен бірге оған кірме жолдарды жөндейді, стадионды жаңартады. Темір­жол­шылардан энергетиктер де қалыспай көшелер мен аулаларды абаттандыру ісіне үлес қоспақ болса, “Астана Моторс” спорт­тық-сауықтыру кешені мен Мәдениет үйін соңғы үлгідегі киноқондырғылармен жабдықтайды. Мұның алдында облыс әкімі Серік Ахме­тов ақадырлықтармен кездесуінде кент өмі­ріне қатысты өзекті мәселелердің шешімін та­бу­ға көмектесетінін айтқандай, бұл осы ба­ғыт­тағы шаралардың бірі. Өңірде жұмыс ат­қа­ратын ірі өндіріс ошақтарының әлеуметттік жауапкершілігі мен белсенділігін тұрғындар мүддесіне жұмылдыру жалғасын тауып жатыр. Айқын НЕСІПБАЙ. Шет ауданы.