Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қызметкерлері жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін рұқсат құжаттамаларын алуға Петропавл қаласы сәулет және құрылыс бөлімінің бастығына Г.деген азаматты 4 миллион мөлшерінде пара беруге арандатты деген күдікпен облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығын қолға түсірді. Оған алаяқтық жасады және пара алды деген айып тағылды. Қылмыстық оқиға осыдан екі жыл бұрын басталған. Айыпталушы қалалық мәслихаттың аппарат жетекшісі қызметін атқарып жүргенде “Каскад” ЖШС директорына қайырылып, көп қабатты үйдің үлескерлер құрылысын реттеп беруді өтінеді. Үйдің рұқсат құжаттары болмағандықтан, қалалық сәулет және құрылыс бөлімі бастығына пара беру арқылы шешуге әрекеттенген. Оған құрылыс ұйымының басшысын итермелеген.
Бүгінде күдікті сот үкімімен қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Өмір ЕСҚАЛИ.
Солтүстік Қазақстан облысы.