Астанада Сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Жигалов және Австрия Республикасының Экономика, отбасы және жастар жөніндегі федералды министрінің орынбасары Йозеф Майердің жетекшілігімен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Австрия үкіметаралық комиссиясының 2-ші отырысы өтті.
Отырыс шеңберінде екі елдің іскер топ өкілдерінің қатысуымен бизнес форум өткізу көзделген. Қазақстан тарабынан форумды ұйымдастырушы – Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен “Атамекен” одағы” Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы. Аталған іс-шара шеңберінде шетелдік қонақтың еліміздің мемлекеттік органдарының өкілдерімен бірқатар кездесулері өтеді деп жоспарланған.
Қазақстан және Австрия үкіметтері арасындағы экономикалық, ауылшаруашылық, табиғатты қорғау, өнеркәсіп, техникалық және технологиялық салаларға негізделген ынтымақтастық 2004 жылдың 10 қыркүйегінен бастап құрылған болса, үкіметаралық комиссияның алғашқы отырысы өткен жылдың 18-19 мамырында Вена қаласында өтті.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.