• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
12 Қараша, 2010

Инновациялық грант иелері анықталады

596 рет
көрсетілді

Инновация есебінен экономикалық өсім қамтамасыз етуге бағытталған және мемлекеттің өзекті бағдарламаларының бірі болып табылатын 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын жеделдете орындау үшін мемлекет осы жылдан бастап инновациялық гранттар ұсыну тетігін іске қосты. Инновациялық грантты ұсыну жөнінде шешім қабылдайтын өкілетті орган болып Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі белгіленді. “Ғылым қоры” АҚ екі бағыт бойынша – тәжірибелік-конструк­тор­лық жұмыстарды немесе қол­дан­балы сипаттағы тәуекелдік зерт­теулерді орындау және инно­ва­циялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін даярлау бойынша инновациялық гранттарды ұсыну конкурсында сенімді тұлға міндетін атқарады. Сенімді тұлғаның міндетіне өтінімдерді қабылдау, оның толық болуын және рәсімдеу сапасын қарау, өтінімдерді сараптаудан өт­кізуге жіберу, кешенді қорытын­ды­лар әзірлеу, инновациялық грант­тар­ды ұсыну жөнінде шарттар жа­сасу және жобаны жүзеге асыру мониторингін жүргізу жұмыстарын орындау жүктеледі. “Егемен Қазақстан” және “Ка­захстанская правда” газеттерінде жарияланған хабарландыруға сәй­кес инновациялық гранттар ұсы­ну­ға өтінімдер қабылдауды “Ғылым қоры” 2010 жылғы 17 мамыр мен 15 маусым аралығында жүргізді. Жарияланған конкурс ауқы­мын­да барлығы 275 өтінім түсті, он­ың 3-еуі инновациялық техно­ло­гия­ларды сатып алу конкурсына жа­татын болғандықтан кері қайта­рыл­ды және 5 өтінім оларды қа­былдаудың белгіленген мерзімі өтіп кеткеннен кейін келіп түсті. Салаларға бөліп қарастыратын болсақ, өтінімдер мына тұрғыда болды: Кен-металлургиялық Энергетикалық Металлургия Өңдеу және тамақ өнеркәсібі Ауыл шаруашылығы Биотехнологиялар Машина жасау Ядролық және қайтарымды энергетика технологиялары Химия өнеркәсібі Ақпараттық технологиялар Жеңіл өнеркәсіп Құрылыс Басқа салалар Инновациялық гранттарды ұсы­ну жөніндегі қабылданатын ше­шім­дердің негізділік деңгейін анықтау үшін Ережелер талаптарына сәйкес өтінімдер мемлекеттік ғылыми-тех­никалық, экономикалық және эко­ло­гиялық сараптамаға жіберілді. Экономикалық сараптама қо­ры­тындысымен 1487,0 млн. теңг­е­­нің 68 өтініміне оң қорытынды ал­ын­ды, оның ішінде 975,8 млн. тең­ге­нің 58 өтінімі тәжірибелік-конс­трукторлық жұмыстарға немесе қолданбалы сипаттағы тәуекелдік зерттеулерді орындауға және 511,2 млн. теңгенің 10 өтінімі техни­ка­лық-экономикалық негіздемелер әзірлеуге қатысты. Сөйтіп, мемлекеттік ғылыми-тех­никалық және экономикалық са­раптамалар өткізу нәтижелеріне сәй­кес екі сараптама бойынша 1092,4 млн. теңгенің 46 өтініміне оң қорытынды алынды, соның ішінде 656,6 млн. теңгенің 40 өті­німі тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға немесе қолданбалы сипаттағы тәуекелдік зерттеулерді орындауға және 415,8 млн. теңгенің 6 өтінімі техникалық-эконо­ми­ка­­лық негіздемелер әзірлеуге қатысты. Сараптамалар нәтижелері не­гі­зінде “Ғылым қоры” әзірлеген ке­шен­ді қорытындылар өтінім бой­ын­ша материалдар қоса тіркеліп, Индустрия және жаңа техноло­гия­лар министрлігі жанынан құрылған және құрамында орталық мемле­кет­тік органдар, даму инсти­тут­тары, Қазақ­стан Республикасы Пар­ламентінің депутаттары және ғы­лым қайрат­керлері бар комис­сия­ның қарауына жіберілді. Ко­мис­сия инновациялық грант беру не­месе оны беруден бас тарту туралы ұсынбалар шығарады, олар отырыс хаттамасымен рәсім­деліп, оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Қазақстан Республикасының Ин­дустрия және жаңа техноло­гия­лар министрлігі комиссия ұсын­ба­лары негізінде және мына талап­тар­ды ескере отырып, иннова­ция­лық гранттар беру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды: 1) сараптамалардың оң қоры­тындылары; 2) инновациялық бағыттылығы, жобаның техникалық жүзеге асыру және оны жүзеге асыруға (енг­і­зуге) әзір болуы; 3) өзектілігі және аймақ пен Қа­зақстан Республикасын дамы­ту­дың басымдық бағыттарына сәйкестігі; 4) инновациялық гранттар қа­ражаттарын игерудің егжей-тег­жей­лі жасалған жолдары және жобаны одан әрі жүзеге асыру мүмкін­дік­те­рінің болуы; 5) жобаның бәсекеге қабілет­ті­лігі; 6) жобаның экономикалық мақсатқа сәйкестігі. Грант беруші инновациялық грант­ты ұсыну туралы шешім қабыл­дағаннан кейін “Ғылым қоры” мен жобаны атқарушы арасында инно­ва­циялық грант туралы шарт жасалады. Инновациялық грант қаража­ты­ның мақсатына қарай пайдалан­ы­­луын тиімді бақылау мақсатында Ғы­лым қоры жобаны атқарушылар ұс­ынған есептер негізінде оны жү­зеге асырудың бүкіл мерзімі бойы жос­пар­ланған шаралардың жүзеге асы­ры­луына тұрақты мониторинг жүргізеді. Конкурс қорытындысы 2010 жыл­­ғы 20 желтоқсанда шығарылады. “Егемен-ақпарат”.