• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
13 Қараша, 2010

Есірткі айналымы бақылауда

758 рет
көрсетілді

Жастықтың жұлынқұрты Бүгінгі таңда еліміздегі есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымын бақылау міндеті Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетіне жүктелген. Дегенмен, бұл мәселе белгілі бір деңгейде медицина, фармацевтік бизнес пен өнеркәсіп салаларын да қамтиды. Өйткені, бұл салалардың қалыпты қызметі мемлекеттің мүддесі болып табылады. Ал осы салалардағы бақылау жүйесінің кез келген олқылығы аталған заттардың заңсыз айналымға түсуіне жағдай тудырады. Осыған орай біз ІІМ ЕБҚКК есірткінің заңды айналымын бақылау басқармасы бастығының орынбасары Қ. МАСАНОВҚА жолығып, бірақатар сұрақтарымызға жауап алған едік. – Қабиболла Таркенұлы, есірткі заттарын қолдануға болмайтын­дығын адамдар жақсы біледі. Бірақ есірткінің заңды айналымы дегенді кейбіреулер басқаша түсінетін секілді. – Дұрыс айтасыз, көп адамдар осы тіркесті өз ұғымдарына сәй­кес­тендіріп алатыны рас. Атының өзі айтып тұрғандай, бұл – заң жо­лымен қолдану деген сөз. Яғни, дә­рілік есірткі құралдары, психотроп­тық зат­тар мен прекурсорлар медици­нада емдеу мақсаттарында, сот-химиялық сараптамада, ғылым жә­не оқу, сондай-ақ өнеркәсіптік мақ­саттарда қолданылады. Бұлар­дың бәрі тек “Есірткі, психотроп­тық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайда­ланылуына қарсы іс-қимыл шара­лары туралы” Қазақ­стан Респуб­ли­касының 1988 жылғы 10 шілдедегі заңына сәйкес беріл­ген мемлекеттік лицензиялар мен олардың қосым­ша­лары негізінде ғана пайдала­ны­лады. Осыны қатаң ескеру қажет. – Ондай лицензияны қайдан, қалай алуға болады, кім береді? – Заңның 5-бабы 3-тармағының 14-тармақшасына сәйкес, аталған комитет денсаулық сақтау саласын­д­ағы есірткі құралдарының, пси­хо­троп­тық заттар мен прекурсор­лар­дың заңды айналымына байла­ныс­ты қызмет түрлерін қоспағанда, ес­ірткі құралдары, психотроптық зат­тар мен прекурсорлардың айна­лы­мы саласындағы қызмет түрлерін лицензиялауды өзі жүзеге асырады. – Ал есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекур­сорлардың заңды (ЕПП) айналымын бақылау қалай жүргізіледі? – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есірткі құрал­дары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылаудың негізгі нысандары қадағаланатын қызмет түрлерін лицензиялау және квота тағайындау болып табылады. Елі­міз­дің есірткі құралдарына, пси­хо­троп­тық заттар мен прекурсорларға мемлекеттік квотасын олардың жү­зеге асырылатын айналымы шегінде қажеттілік есебінің негізінде Қа­зақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейді және бекітеді. Мемлекеттік квотаға сәйкес ко­ми­тет республиканың ішкі рыногын қам­тамасыз етуге және бөлінген кво­талардың шеңберінде түрлі ве­домстволық кәсіби қызметті жүзеге асыруға кепілдік беруге бағытталған ЕПП-ні бөлуді жүзеге асырады. Сонымен қатар, заңға сәйкес Қа­зақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, пси­хотроптық заттар мен преку­р­­сорлардың тізіміне енген есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бөлінуі тиіс. Олардың бәрі есепке алынады. Ес­ірт­кі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айна­лымына байланысты қызмет түр­леріне лицензиялардың иелері заң­ды тұлғалар әкелінген (шығарыл­ған) мемлекеттерін көрсете отырып, әрбір өндірілген, дайындалған, әкелінген (шығарылған) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың саны туралы тоқсандық, заң тізімінің ІІІ кестесіне енгізілген өсірілген немесе өңделген өсімдіктердің саны, шы­ға­рылған, дайындалған, әкелінген (әке­тілген), сатылған не пай­да­ла­ныл­ған әрбір есірткі құралда­ры­ның, психотроптық заттар мен прекур­сор­лардың саны, сондай-ақ есеп беру жылының 31 жел­тоқ­санындағы жағдай бойынша есірткі құралдары мен психотроптық зат­тар­дың запас санын көрсете оты­рып, аяқталған күнтізбелік жыл ішін­дегі қызмет туралы есеп береді. Бұ­ған қоса жыл ішіндегі өсімдік­тер­ді өсіру, есірткі құралдары мен психотроптық зат­тар­ды өндіру, дай­ындау, әкету (әке­лу), сату не пай­далану туралы қоры­тын­ды де­рек­тер ұсынуға міндетті. – Ішкі істер министрлігі “До­пинг” жедел-профилактикалық іс-шарасын жиі өткізеді. Оның негізгі міндеті қандай? – Бақылаудағы заттарды әкелу және әкету контрабандасына, сон­дай-ақ бақылаудағы заттардың заң­сыз айналымға жылыстауына қарсы іс-қимыл мақсатында комитет және оның аумақтық бөліністері тоқсан сайын “Допинг” жедел-профилак­ти­калық іс-шарасын өткізуде. Бұл операцияның негізгі міндеті емдеу-профилактикалық мекемелер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардағы ес­ірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы шеңберіндегі заң бұзу­шылықтарды, сондай-ақ контр­абан­далық жолмен әкелу және әкетуді анықтау және олардың жолын кесу болып табылады. – Қазақстан Кеден одағына кірді, енді кеден бекеттері болмаған жағдайда ЕПП-нің айналымын бақылау қалай жүзеге асырылады? – Беларусь, Қазақстан және Ре­сей Федерациясы Кеден одағының шеңберінде лицен­зияның негізінде кеден аумағына әкелуге, әкетуге және транзитіне рұқ­сат етілетін ЕПП-нің бірегей тізімін әзірлеген болатын. Осыған орай 2009 жылғы 9 маусымдағы та­уарлардың сыртқы саудасы сала­сын­да лицензиялау ережесі туралы келісім арқылы үш­ін­ші елмен сау­дада Кеден одағына қатысушы мем­ле­кеттер әкелуге не­месе әкетуге тый­ым салған немесе шектеген та­уарлардың экспортына/импортына лицензия беру тәртібі бел­гіленген. Ал “Тауарлардың сырт­­­­қы саудасы саласында лицен­­зиялау ережесі туралы келісімді ратифи­ка­циялау туралы” мәлімет Қазақстан Респуб­ли­касының 2009 жылғы 24 қараша­да­ғы № 207-ІV заңымен ратифи­ка­цияланғандығы бәрімізге белгілі. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен  Александр ТАСБОЛАТОВ.