• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Қараша, 2010

Істің көзін тапқан

472 рет
көрсетілді

Қазақстанда қазіргі уақытта жылыжайлар саны жыл сайын артып келеді. Осының барлығы еңбекқор және қолынан іс келетін адамдардың арқасында. Олардың бірі ­ Шайқорық ауылы­ның тұрғыны Қуанышбаев Абдра­хим Абдрахманұлы. Абдрахим Аб­дра­хманұлы алысқа қатынайтын жүр­гізуші болып жұмыс атқарған кезде көптеген шет елдерге шық­қан. Сол уақыттан бастап жолы түскен елдердің ауыл шаруашы­лы­ғына ерекше назар аударған еді. – Осы елдерде болған кезімде олар­дың технологияларына және ауыл шаруашылығы тауарларын өн­діру тәсілдеріне қызыға қарай­тын­мын. Сол кезден бастап, шір­кін, осы жаңа технологияларды жә­не тәсіл­дерді өз елімде қолданатын болсақ қой деп армандайтынмын, – деп бастады сөзін Абдрахим ағамыз. Содан өз ісін бастап кетуге Аб­драхим Абдрахманұлының қаража­ты жетпеді. Бірақ қолдың қыс­қа­лығына қарамастан Абдрахимның үміті үзілген жоқ. – Жылыжай салуға қаражат ізде­ген кезімді есіме алсам, жүрегім ауы­рады. Себебі қандай банкке барсам да, ешқайсысы қаражат бер­меді. Кейбі­реу­лері істің тәуекел­ді­гі­не немесе ке­піл­діктің банк сая­са­тына сәйкес кел­меуіне сілтеме жа­сап отырды. Осыдан кейін банк­тер­ге бармайтын болдым, – деп сөзін одан әрі сабақтады. Кейін, Абдрахим Абдрахманұлы өз танысынан “Ауыл шаруашы­лы­ғын қаржылай қолдау қоры” акцио­нерлік қоғамы туралы естіп, сол жерден шаруасын ашып, кәсібіне керекті қаражатты тапты. – Қордың қызметкерлері мені жы­­лы қарсы алып, несие алуыма кө­мек­тесіп қана қоймай, бизнес-жос­па­рымдағы кейбір кемшілік­те­рімді тү­зетуге көмектесті, қолда­рынан келетін көмектерін көрсетті, – деген оның жүзінен қуаныш шуағы шашады. Қазір Қуанышбаев жылыжайдан басқа, жүзім және өзі салған су қой­масында балық өсірумен айналысады. – Көкөніс қоймасын құру да жос­па­рымда бар. Кейбір құрылыс ма­те­ри­алдарын өз қаражатыма алдын ала алып қойған едім, ал жетпей­тінін қай­та­дан “Ауыл шаруашы­лығын қар­жы­лай қолдау қоры” АҚ арқылы ала­мын, – дейді Абдрахим Абдрахманұлы. Осыған қарап, адамның өз өмірін жақсартуға ынтасы болғанда ғана, барлық кедергіні жеңеді деп айт­қымыз келеді.