• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
16 Қараша, 2010

Консультанттар кеңесінің отырысы

406 рет
көрсетілді

13 қарашада Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы Экономикалық консультанттар кеңесінің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Онда экономика ғылымдары­ның докторы Рахман Алшановтың “Жаһандану жағдайындағы Қазақ­стан­ның агроөнеркәсіп саясаты” деген тақырыптағы баяндамасы тыңдалып, тал­қы­ланды. Баян­да­мада еліміздің агро­өнеркәсіп ке­ше­нінің ағымдағы жағ­дайына баға берілді, сондай-ақ ауыл шаруашы­лы­ғының өнімділігі мен бәсекеге қа­білеттілігін ұлғай­туға қажетті ша­ра­лар бойынша ұсы­ныстар жасалды. Баяндаманы талқылауға Ауыл ша­руашылығы министрі Ақылбек Кү­рішбаев, Индустрия және жаңа тех­но­логиялар вице-министрі Аль­берт Рау, экономика ғылымдары­ның докторы, профессор Арыстан Есен­түгелов, Білім және ғылым министр­лігі Эконо­ми­ка институты­ның дирек­то­ры Оразалы Сәбден және басқалар қа­тысты. Сондай-ақ, Кеңес мүше­ле­рі индустрияландыру ба­сым­дықтары есебімен Қа­зақ­станның Кеден одағы ел­дерімен сауда балансы ұста­нымының ағымдағы жағдай­ларының бағамы және оның келешегін күшейту жөніндегі Экономикалық және қаржы­лық күйзелістерді ерте анық­тау  орталығының директо­ры Сара Алпысбаеваның баяндамасын тыңдап, тал­қылады. Пікірталасқа Экономи­ка­лық даму және сауда вице-ми­нистрі Қуандық Бишім­баев, “Қазақстан қаржы­гер­ле­рінің қауымдастығы” ЗТБ төр­ағасы Серік Аханов,  Са­лық төлеуші­лер ассоциация­сы­ның төрайы­мы Жаннат Ер­тілесова, “Ата­ме­кен” ода­ғы” ұлт­тық эконо­ми­калық па­ла­та­сы төрағасы­ның бірін­ші орын­басары Екатерина Ни­ки­тинская  және басқалар қатысты.