• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Қараша, 2010

Облыстағы кадрлық өзгерістер

409 рет
көрсетілді

Облыс әкімдігінде бірқатар ка­дрлық өзгерістер жасалды. Мәсе­лен, облыс әкімі Бақытжан Сағын­таев өткізген облыс активінің жиы­лысында облыс әкімінің ауыл ша­руашылығы жөніндегі орынбасары Төлеген Закарияновтің өз өтініші бойынша қызметінен боса­тылғаны айтылды. Дәл қазіргідей уақытта ауыл шаруа­шылығына бас-көз бола алатын, өңірдің осы салаға қатысты барлық жағдайын жақсы білетін басшының келгені де қажет-ақ еді. Сөйтіп, “өз өтінішімен” қызметтен кеткен Закарияновтің орнына об­лыс­тағы Железин, Ақтоғай сияқты астықты аудандарды басқар­ған, ау­ыл шаруашылығы жағдайын маман ретінде жақсы білетін Манап Кө­бенов тағайындалды. Бұдан кейін Бақытжан Сағын­таевтың өкімімен облыс әкімі аппаратының басшысы Мұрат Ос­панов облыс әкімінің орынбасары,  жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және байланыс басқар­ма­сының бастығы болып бекісе, Ар­с­лан Әбдіхалықов облыс әкімі аппа­ратын басқаратын болды. Сон­дай-ақ 2001 жылдан бастап облыс әкімінің бірінші орынбасары қыз­ме­тін атқарып келген Александр Вер­бняктің орнына Роман Скляр та­ғайындалды. Сөйтіп, өндірісті Екі­бастұзды енді Вербняк басқа­ра­тын болды. Бұған дейін Екібастұзды бас­­қа­рып келген Нұрлан Нәбиев біздің газетіміздің тұрақты оқырманы, жалпы қазақ тілді газеттердің жана­шыры еді. Өткен жылы Екі­бастұз­дың орталық көшесі ғұлама Мәш­һүр Жүсіп есі­мімен аталды, Сұл­тан­махмұтқа, Мұхтар Әуезовке, Қа­ныш Сәтбаевқа ескерткіштер орна­тылды, қазақ тілінде білім беретін мектептер қатары артты, бұдан ары қарай да ауылдар толы қалың қазақ отырған аумақ қарайтын Екібастұз қаласы қазақылығын жоғалтпайды деп сенеміз. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар облысы