• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
19 Қараша, 2010

Автомобиль өндірісінің жайы қаралды

378 рет
көрсетілді

17 қарашада Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының, сондай-ақ ресейлік “Соллерс” компаниясы өкілдерінің қатысуымен Қазақстанда автомобиль өндірісін дамыту мәселелері бойынша жұмыс бабындағы кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Жұмыс тобының Қостанай қаласында автозауыт өндірісін ұйымдастыру жөніндегі ұсынысы талқыланды. Индустрия және жаңа технологиялар вице-ми­нис­трі  Берік Камалиев жоба егжей-тегжейлі талқыланғаннан кейін Қос­танай қаласында өндіріс қуа­тын орналастыру туралы ұсыныс әзірленгенін атап өтті. Таңдау ло­гистикалық шығындарды ай­тар­лықтай қысқартуға ықпал ете­тін Қостанай қаласының орна­лас­қан жеріне, қаланың Ресей ры­ногына жақын тұрғандығына, сондай-ақ “Агромашхолдинг” компаниясының базасында ав­то­мобиль жинау және өндіріске қажетті инфрақұрылымның бо­луына негізделген. Талқылау қорытындысы бой­ынша Премьер-Министр Қоста­най қаласында өндіріс қуатын орналастыруға қажетті алаңды және жеңіл автомобилдердің мо­дельдік үлгілерін анықтау бойын­ша, сондай-ақ салық салу және мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеуге қатысты нақты тапсыр­малар берді.