• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
25 Қараша, 2010

Толеранттылық пен мәдениетаралық үнқатысу

713 рет
көрсетілді

Қазақстанның төрағалығы барысындағы басымдықтар болып табылады Гаагада (Нидерланды Корольдігі) осы елдегі Қазақстан елшілігінің бастамасы бойынша кеше болған конференцияда этнодіни пікір алуандығы мен көші-қон мәселелері талқыланды, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға­лық етуі аясында ұйымдастырылған шараға Сенаттың Әлеуметтік-мә­дени даму комитетінің төрағасы Ақан Бижанов бастаған қазақ­стан­дық парламентшілер белсенді түрде қатысуда. Конференцияда Қазақстан де­легациясының басшысы А.Бижанов негізгі баяндама жасады. Талқы­ла­нып отырған тақырыптың өзекті екенін атап өте келіп, сенатор “то­лерант­тылық пен мәдениетаралық үнқа­ты­суды ілгерілету ЕҚЫҰ-ға Қазақ­станның төрағалық етуіндегі негізгі басымдық және “қосымша құн” ретінде қарастырылатынын” айтты. А.Бижанов ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен кездегі Қазақстанның бас­та­малары туралы айта келіп, ұлтара­лық және конфессияаралық келі­сім­ді нығайту саласындағы мем­ле­кеттік саясат мәселелеріне тоқ­талды. “Қазақстан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаев жүргізіп отырған сындарлы және салиқалы сая­сат­тың арқасында этномәдени алуан­дық пен бірлікті қайта түлету, сақтау және дамыту жөніндегі мем­лекеттік саясат табысты жүзеге асы­рылып келеді, төзімділік, өзара сыйластық қалыптасты, сондай-ақ оқшаулану, этностық және діни оғаштық іске аспады”, – деді сенатор. Ұлтаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісін нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясын атай келіп, А.Бижанов бұл құры­лымның қызметін заңнамалық тұрғыда реттеу туралы айтты. Конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелеріне қа­тысты А.Бижанов “дінаралық үн­қа­тысудың қазақстандық үлгісінде дін­нің мемлекеттен бөлінуінің конс­титуциялық қағидасы бар екенін, барлық діни бірлестіктердің заң алдында тең және діни қаты­настардағы барлық мәселелердің тек қана құқықтық кеңістікте шешілетінін” атап өтті. Президент Н.Назарбаевтың бас­тамасы бойынша жүзеге асқан Әлемдік және дәстүрлі діндер ли­дер­лерінің съездеріне әлемдік қо­ғамдастықтың ықыласы арта түс­кенін айтқан сенатор, діни басшы­лар­дың басқосуы өркениетаралық және дінаралық үнқатысуды қа­лыптастыру жөніндегі жаһандық үдерістердің бөлінбес бөлшегіне айналып отырғанын жеткізді. Конференция аясында қазақ­стан­дық парламентшілердің ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөнін­дегі Жоғарғы комиссары К.Волле­бек­пен, Нидерланды Корольдігі Бас штаттары Бірінші палатасының төрағасы Р.Ван дер Линденмен және Нидерланды Парламентінің сенатор­ларымен кездесулері бары­сын­да екіжақты ынтымақтастық және өзара парламентаралық іс-қи­мылды кеңей­ту мәселелері талқыланды.