• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2010

Көлік қауіпсіздігі және транзиттік мүмкіндіктер

485 рет
көрсетілді

25 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің “Ақорда” Резиденциясында Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиясының отырысы болып өтті. Отырыс барысында Қазақ­стан­ның көлік қауіпсіздігі жай-күйінің және транзиттік мүмкін­діктерді да­мытудың өзекті мәсе­лелері қа­ралды. Негізгі баяндаманы Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов жасады. Отырыс барысында Марат Тә­жин үдемелі индустриялық-инно­вациялық бағдарламаның сапалы іске асуы ғана емес, со­нымен бірге республикамыз­дың жекелеген ай­мақ­тарының дамуы көлік саласына тікелей бай­ла­нысты екендігін атап көрсетті. Қазақстандық өнімдер се­кілді транзиттік жүктер үшін де жаңа жолдар және Шығыс-Ба­тыс бағы­ты­на шығу нүктелерін қалып­тас­ты­ратын “Батыс Еу­ро­па–Батыс Қытай” автомобиль магис­тралін, “Жетіген-Қорғас”, “Өзен-Тү­ркі­менстанмен мем­ле­кеттік шекара” және “Ералиев-Құрық” темір жол желілерін салу жоба­лары іске асы­рылып жатқандығы атап өтілді. Отырыс қорытындысы бой­ын­­ша, мемлекеттік органдарға еліміз­дің көлік саласы мен тран­зиттік әлеуетін дамытуға бағыт­талған тап­сырмалар берілді. “Егемен-ақпарат”.