• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1150

546 рет
көрсетілді

Есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 37, 44, 51, 262-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Кедендік тасымалдаушының кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын  тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы; 2) Уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары иелерінің сақтауда тұрған (сақталатын) тауарлар туралы, соның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы; 3) Жеке тауарларын сақтау қоймалары иелерінің келіп түсетін, сақтауда  тұрған, әкетiлетiн тауарлар және (немесе) көлiк құралдары туралы, оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандыралған нысанын пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы, бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов. ТОЛЫҚ МӘТІН 1150