• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
02 Желтоқсан, 2010

Ақпарат атқарар рөл жоғары

454 рет
көрсетілді

Түскі үзілістен кейін Тәуелсіздік сарай­ындағы баспасөз мәслихатына арналған залда да бірнеше брифинг берілді. Алғашқы брифингті Еуропадағы қауіпсіздік және ынты­мақ­тастық ұйымының БАҚ бостандығы мәсе­лелері жөніндегі өкілі Дунья Миятович берді. Ол халыққа қажетті ақпарат жеткізуші БАҚ-тардың бостандығы жайындағы ойларымен бөлісті. Біздің кеңсеміз, деді Д.Миятович, ЕҚЫҰ-ның басқа кеңселеріне қарағанда ең жасы. Біз де­мократияны дамытудағы аса маңызды құрал – БАҚ-тардың бостандығы турасында тынымсыз еңбектенудеміз. Қандай да бір қоғамның алға жылжуында, демократияның өрістеуінде ақпарат­тың атқарар рөлі өте жоғары. Қоғам өмірінде маңызы бар әрбір пікірталаста ол – басты ойыншы. Сол себептен де ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қай-қайсысы да Ұйым аясында өздері мойын­дарына алған 10 өсиетті орындауға міндетті. Сонымен қатар, ол жала жабу бойынша қудалауға ұшырау мәселесіне тоқталып, Ұйым кеңістігінде 11 елдің бұл жәйтті қылмыстық қуда­лауға жатқызбау жайын заңда қарастырып отыр­ғанын айтып өтті.