«Салтанат сарайында» ЕҚЫҰ Саммитіне қатысқан делегация басшыларының құрметіне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан ресми қабылдау болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Қабылдауға қатысушылар мен қонақтардың алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитіндегі сөздерінде және пікір алмасулар кезінде саяси көшбасшылар осы Ұйымның жиырма бірінші ғасырда табысты дамуына ортақтастықтарын білдіргенін атап өтті.
– Еуропа мен Солтүстік Америкадағы, Орталық Азия мен Кавказдағы 56 елді біріктіріп отырған ЕҚЫҰ-ның ұлан-ғайыр кеңістігінде өзара түсіністік пен қауіпсіздікті нығайту жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісіне қосылған зор үлес болып табылатынына сенемін, – деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.
Президент Қазақстан өз төрағалығынан кейін де біздің еліміз «Астана рухымен» бекіте түскен «Хельсинки рухын» одан әрі іске асыру мақсатында тығыз және жемісті өзара іс-қимыл жүргізуге әзір екенін атап өтті.