• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
04 Желтоқсан, 2010

Ықпалдастық райындағы кездесулер

313 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Кә­рім Мәсімов Қасиетті тақ Мемле­кеттік хатшысы Тарчизио Бертоне бастап келген Ватикан делега­циясымен кездесті, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кездесу барысында әлеумет­тік-гуманитарлық саладағы екі­жақ­ты  өзара ықпалдастықты жә­не кон­фессияаралық үнқатысуды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Т.Бертоне Қазақстан басшы­лығын ЕҚЫҰ-ға табысты төраға­лық етуімен және өткен саммитті үздік ұйымдастыруымен құттық­тады. Ол сонымен қатар, Қазақ­станның Ислам Конференциясы Ұйымының төрағасы ретінде де табыстарға жетуіне тілек білдірді. Түстен кейін  Премьер-Ми­нистр Кәрім Мәсімов Австрия Респуб­ликасының Федералдық пре­зи­денті Хайнц Фишермен кездесті. Кездесу барысында сауда-эко­номикалық, инвестициялық, мә­де­ни-гуманитарлық салалар­дағы ын­тымақтастықты одан әрі ке­ңейту мәселесі талқыланды. Та­рап­тар энер­гетика, технологиялар трансферті, денсаулық сақтау, туризм және экономиканың басқа да сек­тор­ларында өзара іс-әре­кетті ны­ғай­­туға мүдделі екендіктерін білдірді.