• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
08 Желтоқсан, 2010

Агрофирма асқан асулар

590 рет
көрсетілді

Өткенде «Приречное» агрофир­ма­сының басшысы Мұхит Тұма­баевпен хабарласқанымызда ол өз­дерінде өзгеріс, жаңалықтар бар­шы­лық екенін айта келіп, соның бірінің тұсауы ел тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында кесілгелі жатқанын тілге тиек еткен еді. Содан көп уақыт өтпей жатып тілші қосынына «Қазагроқаржы» акционерлік қоға­мының Өскемендегі облыстық бө­лімшесінің директоры Тимур Са­пар­ғалиев телефон шалып, оңды бір ұсыныс жасаған болатын. Сөйт­сек аталған бөлімшенің мұндағы соңғы жаңалықтарға тікелей қаты­сы бар болып шықты. Жақсыны көрмекке демекші, соны бірге ба­рып тамашаласақ деген еді ол. Тұсаукесер рәсіміне сақадай сай отырған, оның үстіне биылғы жи­ын-терінді ойдағыдай аяқтаған агрофирма иесі Мұхит Тұрсын­ха­н­ұлы бізді жылы жүзбен қарсы алды. Осы орайда, мұндағы жаңалық­тар­ды айтпас бұрын оқырманға ең алдымен агрофирма туралы түсінік­теме бере кеткеніміз жөн болар. Кезінде қаланы ет-сүт және кө­к­өніспен қамтамасыз ететін Жаңа­семей деп аталатын аудан болды. Оңтайландыру саясатымен бұл аудан таратылғанда оған қарасты ау­ылдар қала құрамына енген бола­тын. Ал шаруашылықтар бұған дей­ін-ақ тарап тынған-ды. Тек со­лар­дың ішінен «Приречное» кеңша­ры ғана 1993 жылдан агрофирмаға ай­на­лып, нарық айдынында өз желкенін тіктеп үлгерген еді. Сол себептен де бүгінгі күні атақ-даңқы бүкіл елімізге белгілі бұл агро­фирманы тәуелсіздік жемісі десе де болады. Қаладан небәрі он шақырым жердегі жаңа құрылым содан бергі жерде екі бағытта тұрақты жұмыс істеп келеді. Оның бірі ет бағыты болса, екіншісі қала тұрғындарын көкөніспен, бау-бақша өнімдерімен қамтамасыз ету. Қазірде шаруа­шы­лықтың жалпы аумағы 35 мың гектардан астам жерді алып жатыр. Соның төрт мың гектарға жуығы көкөніс, бау-бақша өнімдерін егуге арналса, мұның бір жарым мың гектарға жуығы суармалы жер. Қалғаны жайылымдық және ша­бын­дық жер ретінде пайдалануда. Шаруашылық қажетті трактор, комбайн, басқа да ауыл шаруа­шы­лығы техникаларымен толықтай қам­тамасыз етілген. Мұнда картоп пен көкөніс голландиялық технологиямен өсірілуде. Қолдағы 24 фрегат суландыру мәселесін толықтай шешіп тұр. Шаруашылықта мал азығы мәселесі де тиісті шешімін тапқан. Екі бағыттағы шаруашы­лық­пен екі жүзге жуық адам айна­лысады. Жаз­ғы маусымдық науқан кезінде бұған қосымша 150-ге жу­ық адам жұ­мыс­қа тартылып келеді. Осы орайда, мұнда жұмысшылар жалақысы уа­қы­тында төленіп келе жатқанын да айта кеткеніміз жөн болар. Сондай-ақ, агрофирма бюджетке берешек болып көрген емес. Тағы бір айта кетер жәйт сол, ша­руашылықтың асыл тұқымды мал зауыты аттес­татын алғанына да төрт жыл болып қалды. Еңбек ер атандырады деген сөз­ді баяғыда жиі қолданушы едік. Сол сөзден үркетін түгі жоқ. Ай­талық, Мұхит Тұмабаев та бүгінгі күні көп жылғы бейнетінің зейнетін көруде. Соның айғағындай ана бір жылдары «республикамыздың үздік фермері», «облысымыздың жыл адамы» атанса, бүгінде облыстық мәслихаттың депутаты. Мұның сыр­тында көп жылғы жемісті еңбегі мемлекеттік тұрғыда еленіп, 1999 жылы «Құр­мет», ал арада он жылдан соң «Па­расат» орденімен марапатталды. Міне, енді Мұхит Тұрсын­хан­ұлымен әңгімелесіп отырмыз. Ас­ып-тасуды білмейтін азамат байып­пен сөз қозғады. Бұлар мемлекет тарапынан алғашқы несиені 1993 жылы алыпты. 25 миллион теңге сол кез үшін әжептәуір қаржы бо­латын дейді ол. Сөйтіп, біртіндеп аяғымызды тік басып тұрып кеттік. Екінші рет 2002 жылы ірі мөл­шерде, нақтылап айтсақ 2,5 миллион доллар көлемінде 25 жылға несие алдық. Енді, міне, «Қазагро­қаржы» акционерлік қоғамының облыстық бөлімшесімен өзара тү­сіністікпен жұмыс істеп жатырмыз. Аталған бөлімше бұларға өңдеу цехы үшін 73 миллион теңге қаржы бөліпті. Жылдығы 4 пайызбен берілген бұл несиенің мерзімі 8 жыл көрінеді. Мұндағы көкөніс сақтау қоймасының бұған дейінгі сыйым­дылығы он мың тонна болса, енді жаңадан салынған төрт мың тон­налық қойма дайын тұрған кө­рі­неді. Оның жалпы құны 113 миллион теңге болыпты. Мұның жиырма пайызын агрофирма өздері төлепті. Ал қоймаға орнатылған голлан­дия­лық құрал-жабдықтарды, екі жаңа комбайнды жоғарыда аталған қоғам бөлімшесі әперіпті. Енді жалпы сыйымдылығы 14 мың тонналық қоймадағы өнім семейліктерді қамтамасыз етуге то­лы­ғымен жетеді дейді Мұ­хит Тұмабаев. Ол солай дей келіп, Тәуел­сіздік мерекесі қарсаңындағы жаңа­лықтарының маңызын бізге тәптіш­теп түсіндіруге асыққан. Бұл, бі­ріншіден өнімнің бұ­зылмауына қо­лайлы мүмкіндік ту­ғы­зып отыр­са, екіншіден мұндағы өн­імнің жеткілікті болуының арқа­сын­да базар­дағы бағаның көтеріліп кетуіне жол берілмейді. Мұны бір десе­ңіз, екіншіден агрофирмада тағы бір қуанышты жаңалық бар екен. Яғни, мұнда жаңа қоймада жаңа құрал-жабдықтардың орнатылуына байланысты кептірілген көкөністі дайындау ісі қолға алыныпты. Және бұл республика бойынша тұңғыш рет осында жүзеге асырылып жа­тыр. Ал оның құндылығы мынада. 100 кило кептірілген көкөнісіңіз бір тоннаға татиды. Оның үстіне мұн­дай өнім экологиялық жағынан таза, ешқандай химиялық қоспа жоқ. Оны да аз десеңіз, небәрі 15 ми­нөтте дайын болып шыға келетін кептірілген көкөнісіңіз уақыт жө­нінен де аса тиімді. Сондықтан ол жабық мекемелермен бірге, үй ша­руасындағы әйелдерге де қолайлы екендігі айтпаса да түсінікті. Бұл өнімдер жаңа жылдан бастап қала дүкендеріне түсе бастамақ. Одан арғы жерде бұлар мұны республика көлемінде сатуға шығармақ. Агрофирма иесі сөз соңында алыстағы Канада елінен бір мың бас ет бағытындағы ақ бас сиырды сатып алғалы жатқандықтарын айта кетуді де ұмытпаған. Сонда бұлар­дағы ірі қара малының саны үш мыңға жетпек. Ал арада үш жылдан соң бұл көрсеткіш бес мыңға тақап барады. Елбасы біздің, ауыл шаруа­шылығы қызметкерлерінің алдына қала халқын ет, сүтпен қамтамасыз ету міндетін қойған болатын. Сол міндетті абыроймен орындау үстін­деміз, дейді Мұхит Тұрсынханұлы. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. Семей. -------------------------------------- Суреттерде: Мұхит Тұмабаев; жаңа цех.