9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия мүшелерiнің Қазақ гуманитарлық заң университетінің студенттерiмен халықаралық Адам құқығы күнiне және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 19 жылдығына арналған кездесуi болып өттi.
Кездесуге Президент жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия мүшелерi, Парламент депутаттары, Бас прокуратураның, Жоғарғы Соттың, Әдiлет, Сыртқы iстер, Iшкi iстер министрлiктерiнiң, халықаралық ұйымдардың, шет ел елшіліктерінің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi, сондай-ақ Қазақ гуманитарлық заң университетiнiң оқытушылары мен студенттерi қатысты.
Кездесуде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Сағынбек Тұрсынов, Парламент Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары, ҚазГЗУ президенті Мақсұт Нәрікбаев, Қазақстандағы және Қырғызстандағы Ұлыбритания елшісі Дэвид Моран мырза, Фридрих Эберт қорының Астана қаласындағы өкілі Зәуреш Шутова ханым құттықтау сөз сөйледі.
Оқылған баяндамаларда адам құқықтарын қорғаудың халықаралық және ұлттық тетiктерiн жалпыға танылған халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру, адамның конституциялық құқықтарын сотта және соттан тыс институттарда қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды.
Кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың мемлекеттiк тетiктерiн жетiлдiру туралы және құқықтық мемлекет құру туралы өзара пiкiр алмасты.
Елбасының жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Қазақ гуманитарлық заң университетінің кітапханасына өзінің 100 кітабын сыйға тартты.
«Егемен-ақпарат».