Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті. Онда Мәжілістің салалық комитеттерінің ұсынуымен сәрсенбі күні өтетін жалпы отырыстың күн тәртібіне шығарылатын мәселелер қаралды.
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті екі заң жобасын депутаттар талқысына шығаруды ұсынды. Олар бірінші оқылымда талқыға түсетін болды.
Сондай-ақ депутаттардың талқысына халықаралық маңызға ие заң жобалары ұсынылатын болды.
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Медиация туралы» заң жобасы және соған сәйкес кейбір заңдарға енгізілетін түзетулер екінші оқылымға дайын екенін мәлім етті.
«Егемен-ақпарат».