• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2010

Мәуелі жемістер

971 рет
көрсетілді

... 1982 жылдың 29 желтоқсанында халықтың сүйікті жазушысы Әзілхан Нұршайықов үйіне қонақтар шақырады. Әрине, бас қонақ – Ғабит Мүсірепов! Кө­ңілді отырыс болады. Шайдан кейін Әбділда Тәжібаев Ғабеңе қарап: «Ал, бата бер», деп алақанын жаяды. Сонда Ғабең былайша бата беріпті: «Ал енді ме­нің саған берер батам. Сен бұрқыратып көп жазбай, алпысқа күшіңді мысқалдай жұм­сап келдің. Сенің менің жасыма жетуің үшін 20 жыл запасың бар. Сексенге дейін үздіксіз еңбек етуге болатынына менің көзім жетті. Дүниеде жаңа тақырып жоқ, сонымен бірге, дүниеде ескі тақырып және жоқ. Алпысыңа да сен жеміспен кел­дің. Алдағы 20 жылың және жемісті болсын. Аллаәкпар!» Дуалы ауыздың дулығалы сөзі : «... Алдағы 20 жылың және жемісті бол­сын!» Қалай-қалай дөп айтқан! Содан бері 28 жыл өтіпті-ау! Жемісті жылдар екен. Биылдың өзінің балапанын санасақ, мәуелі он кітаптың жемісінің дәмі таң­дай қақтырады! Айталық: «Өмір өрнектерінің» екінші, үшінші, төртінші кі­та­бы («Бастау» баспасы, Алматы, 2010 ж.), «Әскери күнделіктің» бірінші кі­та­бы, «Бауыржан туралы толғау» кітапшасы («Өнер» баспасы, Алматы, 2010 ж.), «Күн­делік. 1982.» («Арда» баспасы, Алматы, 2010 ж.), «Мәңгілік махаббат жы­ры» прозалық поэмасының соңғы қосымша нұсқасы («Арда» баспасы, Ал­ма­ты, 2010 ж.»), «Мәңгілік махаббат жырының» қол басындай ғана көлемдегі қос томшасы және «Өсиет өлеңдер» («Шығыс ақпарат» баспаханасы, Өскемен, 2010 ж.), барлығы он кітап оқырмандар игілігіне айналмақ. Бұлардан басқа жазушы биыл «Арда» баспасына «ХХ ғасырдағы атақты адам­дар туралы естеліктер» деген атпен екі кітапты және өткізді. Олар осы жыл­дың аяғында не келесі жылдың басында баспадан шығады. ... Ғабеңнің ақ батасы Әзағаңның басына қонған бақ құсындай баянды бо­лып, әлі күнге шыр айналып ұшып жүр екен! Тәубе! Сонымен тіл үйірер мәуелі жеміс­тер­дің дәмін талмап көрелікші. Ал­ды­­мен «Өмір өрнектері» әдеби күн­де­ліктерінің 2000-2003 жылдар ара­лы­ғын қамтып жазылған үшінші то­мын тамсана, ықыластана оқып шық­қан­быз. Бұл – автордың ұзақ жылдар бойы қойын дәптерлеріне үзбей түсі­ріп отырған сан тарау ойларының жемісі екен. Алғашында үзік-үзік көрі­не­тін қанатты сөздер, мақал-мәтел­дер, шағын әңгіме-диалогтар жинақ­та­ла келе оқырманға берер тағылымы мол дүниеге айналыпты. Сондай-ақ ав­тордың осы саладағы елу жылдан аса жазылған еңбегіне оның адамгер­ші­лік пен азаматтықты, ерлік пен дос­тықты мадақтайтын соңғы жыл­дар­дағы естелік-эсселері кірген. Әзағаңның әдеби әлемі шексіз мұ­хитты көзге елестетеді. Шалқыған шал­қар. Көкжиегін көзбен мөл­шер­лей ал­май­сыз. Сол ұшы-қиырсыз ке­ңіс­тікте жан-әлеміңді рухани бол­мыс­тың желкені кернеп кеткендей. Бей­мә­лім тылсым сырға ынтықтыра тү­се­ді. «Әдебиет адамға адамгершілік са­­бағын үйретеді. Сол сабақ кө­кі­рек­ке сіңгеннен кейін медеу діңгегіне ай­на­­лады. Көкіректегі медеу-бейне адам­ды алға қарай жетелеп, жі­герлен­ді­ріп, желпіндіріп отырады»,  деп ав­­тордың өзі айтпақшы, бұл кі­тап­тың тұ­ла бойы тұнған өнеге. Әрине, өнеге атаулы адамдардың игілігіне айналғанда ғана мазмұ­ны­мен баий түседі. Сөз етіп отырған кі­тап­­та бәрі шебер қиюласып, шендескен: әдебиеттің ардың ісі екендігінің жар­­қын мысалы; жазушылықтың жан­­­кешті ізденісі; жор­нал­шының жор­­­тып жүріп жусайтыны; керемет бір бейнелі тәмсіл, теңеулердің бап таң­­дамай тіл ұшына оралатындығы; тіп­ті әдебиеттегі сатқындық пен сөзге са­­лақтықтың етек алу жайы; әлем билеушісі – тек қана еңбек екендігінің нақ­ты нәтижесін саралап беру; әрине, ма­­хаббат мейірімі мен машақат­та­ры­ның түрлі «мінез» қайшылықтары; жал­пы өмір жұм­бақ­тарының жал си­пат­­пайтын жауап­тары; т.б. ұлт на­мы­сын жыртып, берекелі ел болмаққа үн­дейтін сындарлы сөздер мен аза­мат­тық арды кір шалдырмауға уа­ғыз­дай­тын имандылық иірімдері жан-жү­ректі толқытады. Сонысымен құн­ды осынау жақұт жазбалар. «Өмір өрнектерінің» төртінші кі­та­бы 2004-2010 жылдар аралығын қам­­­тыған екен. Мұнда да үшінші кі­тап­­тың желісі босаңсымай тартылып, ой байып, өнеге өрелі өріліп, не жақ­сы, не жаманның парқы сезіліп, өмір өз тұңғиығына тарта түседі. Әділдік де­ген әдемі әлемнің сипаты қай­шы­лы­­ғымен қабаттастыра ашылатыны сүй­­сінтеді. Қиялға жетелейді. Көм­бе­ден табиғи тазалықты аршып алуды үй­ретеді. Аярлық пен азғындықтың бітеу жара боп ісініп келіп, ақыр ая­ғында шындықтың үшкір бізінен қа­пы­да жарылғанын жирендіре аңда­та­ды. Арты­ғы жоқ осының. Бәрі – сабақ. Аса көрнекті қаламгердің «Күнде­лік» кітабына тек қана 1982 жылғы жаз­­балары кіргізіліпті. Мұнда сол ке­зең­­нің суреті анық көрініс беріп, ру­хы еркін сезіледі. Жазушы өмірінің бел-белесі, қоғамдық хал-ахуалдың аң­ғарлы сілемі, адамдар тағдырының қилы-қилы сәті қолмен қойғандай бей­неленуімен құнды. Автордың ұзақ жылдар бойы «Тұрмыс күнделігі» мен «Әдеби күнделікті» қатар жүргізіп келе жатқаны мәлім. «Әдеби күн­делігі» төрт кітап боп жарыққа шықты. Ал «Тұрмыс күн­делігі» әлі ба­сылған жоқ еді. Оның жал­пы кө­ле­мі 130 қалың дәптер, шамамен 1500 бас­па табақтай. Бәрін кітап етіп шы­ға­руға мүмкіндік шектеулі. Содан ба­рып осы 1982 жылдың белесіне тоқ­та­ған екен. Неліктен өйткен? Енді Әза­ғаңның өз сөзіне жүгінелік: «Би­ыл  (2010 ж.) қазақ халқының қаһар­ман ұлы, менің рухани ағам, Ұлы Отан со­ғы­сында қатар жүріп, қан кеш­кен жа­уын­гер жолдасым, «Ақиқат пен аңыз» кі­та­бым­ның бас кейіпкері Бауыржан Мо­мыш­ұлының туғанына 10­0 жыл толды. Ол кісі 1982 жылы дү­ниеден өткен бо­латын. Баукеңнің өмір­ден өткен күнін есіме түсіру үшін сол жылғы күн­де­лі­гім­ді ашып қа­радым. Бір жылдың оқи­ға­сы жа­зыл­ған күнделік дәптерді бас алмастан оқып шықтым. Содан кейін тым бол­­маса, осы күнделігімді жарыққа шы­ға­рып кетейін деген ойға келдім». Иә, бұл күнделікте Б.Момышұлы­на қатысты көркем жазбалар мо­лы­нан қамтылыпты. Келесі кітап – «Әскери күнделік». Байланыс жә­­не ақпарат министрлігі Ақпарат жә­не мұрағат комитетінің «Әдебиет­тің әлеу­мет­тік маңызды түрлерін ба­сып шы­ғару» бағдарла­масы бойынша шы­ға­рылған аталмыш еңбектің бірінші кі­та­бы. Онда жа­зушы өзінің ба­ла­лық ша­ғын, алғашқы махаббатын, әс­кер­ге алын­ғанға дейінгі жалынды жас­­тық жылдарын, Қызыл Армия қа­та­рында қызмет етіп, майданға кірген ал­ғашқы кезеңін күнделік етіп жаз­ған. Білгеніміз – адам бәріне шы­дай­ды екен. Қиын­дыққа қайралады. Отан үшін от кешеді. Елі үшін жанын шү­бе­рекке түйеді. Тозақ – соғысқа шыж­ғы­рылады. Нағыз батыл адам күймей, аман шы­ға­ды екен! Соның бірі – Әзіл­хан Нұр­ша­йы­қов! Халқына ба­ба­ла­рынан ама­нат­тал­ған асыл тұлға! Со­ғыста бір оқтық болып қалмай, тағ­дыры жазуға теліген теңдессіз өне­ге иесі! Жазғаны – тұ­мар­дай, жаз­ба­ғы – құмардай! Толықтырылған, жаңа нұсқадағы – «Мәңгілік махаббат жыры» оқыр­ман­дарын жаппай тапса ғой деп, үміт­тенесің. Бұл шығармасын автор про­залық поэма деп айдарлап отыр. Шы­нында да қара сөзбен, ақ өлеңмен жазылған бұл туындының әр тарауы поэма тәріздес оқиғаларға толы. Олар бі­рі­нен соң бірі оқырманды тартып, те­бірентіп, толқытып отырады. Кө­ңіл­ді қозғап, көзге жас келтіреді. Ай­рықша айта кетерлігі сол, ұлттық тәлім-тәрбиелік мәні зор бұл шығар­ма­сын автор өзінің жан жары, әдеби се­рігі, қазақ халқының тамаша қызы Ха­лима апамызға арнаған. Қол басындай ғана – қос шырпы қо­рабының қауқарындай екі кі­тап­ша­ны қалтаға салып, тамсанып оқып, ма­хаббат деген құдіретті күшке көз жү­гіртсеңіз, сізден бақытты адам та­был­мас, сірә. Өте шағын нұсқалы «Мәң­гілік махаббат жыры» деп атал­ған бұл кітаптың біріншісінде автор өзі­нің өмірлік қосағы Халиманың қай­тыс болғанына 40 күн толғанында жи­налған жұртқа жан жары жайында тол­ғана айтқан әңгімесі бар. Бұл әң­гі­ме кейін толықтырыла келе үлкен поэ­маға айналған. Екінші жұқантай ға­на кітапқа көрнекті жазушының жан жарын жоқтап жазған хаттары ен­ген, барлығы – 80 шамалы мұңды жол­даулар өзекке шоқ түсіреді. Соңында «Бауыржан туралы тол­ғау» кітапшасына сәл тоқталалық.Оған Әзағаңның екі сөзі кірген. Бірін­ші­сі – «Бауыржан Момышұлының ру­ха­ни-адамгершілік, әскери-фило­со­фия­­лық мұралары және Отанды сүю­ге тәрбиелеу мәселелері» деген та­қы­рып­қа арналып 2004 жылы республика Ғылым академиясында өткізілген ғы­лыми-практикалық конференцияда сөй­леген сөзі. Екіншісі – үстіміздегі жылғы 24 қыркүйекте Тараз қа­ла­сын­да өткен Б.Момышұлының туғанына 100 жыл толуына арналған ғылыми кон­ференцияда сөйлеген сөзі. Кі­тап­ша­ға кірген бұл екі сөзді де жұрт­шы­лық зор ризашылықпен қабылдаған. Биыл жазушының «Махаббат, қы­зық мол жылдар» романының жа­рық­қа шыққанына – 40 жыл. Бұл кітабына ав­тор­дың кезінде оқырмандардан 10 мыңнан аса хат алғаны, күні бүгінге дейін 12 рет қайта басылып шыққаны бел­гілі. Ол кітап туралы деректі фильм жасалды, Се­мей қаласындағы Абай атындағы му­зы­калық-драма те­атр­ында спектакль қо­йыл­ды, бірнеше кан­дидаттық диссертациялар қор­ғал­ған. Жақында «Хабар» те­леарнасы 40 ми­нуттық деректі дүние жасап шы­ғар­ды. Бұл – республикамызда кітап ме­рейтойының аталып өтуінің бірінші оқиғасы. Атақты романның 40 жылдығы ең алдымен оның бас кейіпкері Мең­тай­дың прототипі, қарт ұстаз Нұрғамила Нұр­босынова тұратын Кентау қа­ла­сын­да өтті. Республиканың басқа да жо­ғары, орта оқу орындарында ро­ман­ның 40 жылдығына арналып конференциялар, кездесулер, дөңгелек үс­телдер рәсімдері өткізілмек. Әйгілі роман әлі күнге дейін оқыр­ман қолынан түскен жоқ. Кі­тап­ты сұрап авторға хат жазып, телефон соғушылар көп. Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов биылғы 15 жел­тоқ­санда 88 жасқа толады. Айтулы күн­ге қаламгер құр қол келген жоқ. Жо­ғарыда аталған жаңа 10-12 кі­та­бымен келді. Автордың жарыққа шығарар кі­тап­тары әлі де көп. Әзағаңның қо­лын­да әртүрлі авторлар өз ав­то­граф­та­рын жазып сыйлаған (М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Д.Қонаев жә­не басқалар) 1500 кітап бар екен. Өзі ту­ралы замандастары жазған екі папка деректі шығармалар қолжазбасы жә­не жатыр. Өзі жазған және оқыр­мандардан алған хаттары да жеткілікті. Осылардың бәрін автор оқыр­ман­да­рының игілігіне жаратқысы келеді. Жасы тоқсанға тақаса да автор өз кітаптарын арқалап жүріп, өзі са­та­ды. Биыл Сарыағаш курортына ба­рып 500 кітабын сатып келді. Сон­дай­дан түскен қаржыға жаңа кітап­та­рын жарыққа шығарып жатыр. Жазушының 8-72-72-72-33-60 жә­не 8-777-293-58-06 телефондарында ты­ныш­тық болмайды. Әр облыстан оқыр­мандар телефон соғып, жаңа кі­тап­тарын жіберуді сұрайды. Әдіріс­те­рін айтып, қалаған кітаптарына ақша ау­дарып, поштамен тез жіберуін өті­не­ді. Қарт қа­лам­гер олардың тілегін қалт еткізбей, өз көшесіндегі 050022 пош­таға аяңдап барып, сұраған кі­тап­тарын қолма-қол жіберіп отырады. Жа­зушының бірсыпыра уақыты ос­ын­дай күйбеңмен өтеді. Кейбір оқырмандар үйге ба­ла­ла­рын ертіп келіп, қарт атадан бата сұ­рап, қалаған кітабына қолтаңба жаз­ғы­зып алып қайтады. Келін түсіріп, қыз ұзатушылар да кәделі кітапқа қас­терлі сөз жазғызып, кейін өз той­ларына жиналған жұртқа оқып береді. Осы мақаламыз арқылы біз Әза­ғаң­ды 88 жасқа толуымен шын жү­рек­тен құттықтап, аман-есен болып, оқырмандарын жаңа шығар­ма­ла­ры­мен қуанта беруіне тілектестік біл­діреміз. ...Бір жылдың жемістері! Мәуелі екен. Бақандай 10-12 кітап. Мұның ішінде 2 кітап биыл немесе келесі жылы шығады. Тәтті жеміске кім құмартпас. Тісіңізге басыңызшы! Дәмін алыңызшы... Бал - шырыны тіліңізді үйірер... Қайсар ӘЛІМ.