• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2010

«Егемен Қазақстаныңа» 2011 жылға жазылудың аяқталуына бір апта ғана қалды, құрметті оқырман.

523 рет
көрсетілді

Баспасөз-2011 Өз оқырманына адалдығын ЕҚЫҰ Саммиті күндерінде бүкіл қызметімен дәлелдеп берген «Егемен Қазақстан» газетіне де оқырманның адалдығы алдымен қажет екені белгілі.  Сол қажеттіліктің көрінер сәті баспасөзге жазылу болса керек. Өзіңнің «Егемен Қазақстаныңа» 2011 жылға жазылудың аяқталуына бір апта ғана қалды, құрметті оқырман. Қазақстан кемелдігінің жаршысы Теміржан ХАМИТОВ, Еңбекшілдер ауданының әкімі. Біржан елі – Еңбекшілдер ауданының бас газетіміз «Егемен Қазақстанмен» ұзақ жылғы байланысы ынтымақты әрі әріптестік қарым-қатынасқа ұласты. Жыл басындағы Президент Жолдауы­нан репортаж Аңғал батыр ауылы тұрғындарының теледидар ал­дын­дағы ұжымдық тамашалауынан жазылған еді. Біздің жыл бой­ғы жетістіктеріміз бен заман екпініндегі ұмтылыстарымыз абы­рой­лы газетімізде үзбей көрініс тауып, қайратымызды еселей түсуде. Өз басыма «Егемен Қазақстан» газетінің шығармашылық ұжымы астаналық Ақмола облысының тыныс-тіршілігіне қатысты салиқалы ой қозғайтыны ұнайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана­ның азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету, Астанамен серіктес ауыл­дарды дамыту, Бурабайды әлемдік деңгейдегі туристік орталыққа ай­налдыру, Астананы жасыл желекпен көмкеру туралы тапсыр­ма­ла­ры Ақмола облысына жүктелген зор жауапкершілік. Оған облыс тұрғындарымен қатар, біздің аудан да елеулі үлес қосып жатқанын еліміздің түкпір-түкпіріндегі оқырмандар газет жарияланымдары арқылы жақсы біледі деп ойлаймын. Сіздер Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы болып отырған Қазақстанымыздың 11 жыл үзілістен кейін Астана Саммитін жоғары деңгейде өткізгенін бастан-аяқ тәптіштеп жазумен қатар, әлем көз тіккен басқосудың, ол қабылдаған декларацияның маңызын ашып көрсетуде жанқияр еңбек танытып жатырсыздар. Газет бұл орайда күнделікті жұмыс кітабымызға айналады. Сондай-ақ, әр айдың соңғы сәрсенбісінде шығатын «Етжеңді Егемен» нөмірлері тарихымыздан, тіліміз бен ділімізден, ұлттық таным-тәрбиемізден ұлағат төгетінін айтқым келеді. Осы орайда, біздің өңірлерімізден де рухымызды көтерер мақалалар жарияланып тұрғанын қалар едік. Баспасөзге жазылу Қазақстан кемелдігінің бір көрінісі іспетті. Сондықтан, саяси науқанды ауданымызда жыл сайын үлкен ұйымшылдықпен өткізу дәстүрі қалыптасқан. Біз республикалық бас басылым – «Егемен Қазақстан» газетіне жазылу жөніндегі межеге облыста бірінші болып қол жеткіздік. Ақмола облысы.

Жеделхат

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ президенті

Сауытбек АБДРАХМАНОВҚА

Қызылжар өңірінің тұрғын­да­ры  «Егемен Қазақстанға» жер­­лестеріміз Смағұл Сәдуа­қа­сов пен Ғабит Мүсіреповтің басшылық еткенін  мақтан тұтады. Әркез ұлт­тық, мемлекеттік мүд­дені бірінші орынға қойып, ауыл адамдарының мұң-мұқтажына, ұсыныс-тілек­те­ріне үлкен сергектікпен қарайтын басылымның оқырманы  болу – бә­ріміз үшін үлкен мәртебе. Жергілікті тұр­ғындардың аз қоныс­тан­ғанына қарамастан, облыста «еліміздің бас басылымына» жа­зы­лу­шы­­лар санының әлдеқайда артуы осы ойы­мыз­ды айғақтаса керек. Облыс әкімі  Серік Біләлов­тің  бағыты анық, ойы салмақты, пікірі нық ба­сы­лымды 7000 да­наға дейін тарату мақсаты алынар асу екеніне қазірдің өзінде көзіміз анық жетті. Қызылжар ауданында да заманмен үндес заңғар басы­лым­ды жаздырып алушылар қатары кө­бейіп келеді. Іссапар бары­сын­да өзіңіз болып, тыныс-тір­ші­лі­гімен танысқан жаңа елді мекен Бәйтерек ауы­лы­ның тұрғын­да­ры — шетелдерден атажұртқа орал­ған бауырлармыз үшін де «Егеменнің» орны бөлек екенін баспасөзге жазылу науқаны анық аңғартып отыр Қайрат ПІШЕНБАЕВ, Қызылжар ауданының әкімі. Солтүстік Қазақстан облысы. *** «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің келешегі зор», деп алаш ардақтысы М.Дулатов айт­қан­дай, халықтың жүрегі, тілі һәм құлағы бола білген қазақ баспа­сө­зі­нің қара­ша­ңы­рағы «Егемен Қазақ­стан» – тұғыры биік ба­сылым. Ба­сы­лымның бәрінен де ұлт мүддесін жоғары қойып, Елбасы саясатын үл­кендігі-кішіге үндеп, қазақстан­дық­тарды қа­жыр­лы­­лық­қа, бірлікке ша­қырудағы, әлеумет көкейіндегіні дөп басып, бү­гінгі жаңарып өркен­деуіміздің, ұлт­тық ұлылы­ғы­мыз­дың, егемен елдігіміздің иде­ологиялық тұғыр­намасының шы­ңында тұ­рып, кемел келешек жолына бастаудағы рөлі орасан зор. Елбасының айрықша қам­қор­лы­ғындағы аудан­ға айналып, ұл­та­­ны құрғаған теңізі қайта тол­ған, ар­мандары ақиқатқа айна­лып, құт дарып, қыдыр қон­ған Аралда атал­мыш басылымның өзін­дік ор­ны ерекше. Қайта жандану ке­зеңіндегі бүгінгі Арал­дың тыныс-тіршілігі жайлы то­лым­ды мақала­лар жариялап келе жатқан егемендіктерге алғы­сымыз шексіз. Бүгінгі күнге Арал ауданы тұрғындары «Егемен Қазақстан­ның» 1800 данасына жазылған­дығын хабарлай отырып, басы­лымның шығар­ма­шылық ұжы­мына сәттілік тілеймін. Нәжімәдин МҰСАБАЕВ, Арал ауданының әкімі. Қызылорда облысы. *** «Егемен Қазақстан» – тәуел­сіздік тірегі, ел айнасы. Бұл газетте саясат, экономика, мәде­ни­ет, әдебиет, тарих, спорт, дәстүр, бас­қа да бар­лық тақырыптар жан-жақты  қамтылады. «Егемен Қа­зақ­станның» қай тақырыпты да, қай мә­селені де терең зерделеп, зерттеп жазатыны қы­зықтырады. Үлкен маңызды шаралар бол­ған­да, ертеңгісін таңертең сол жаңа­лық газет бетінде тұрады. Осының бәрі газет ұжымының кәсіби шеберлігінің нәтижесі деп білеміз. Өзіңіз  қазан айында біздің оқу орнында бо­лып, жақсы кездесу өткіздіңіз. Газет басшы­сы­ның біздің оқу орнына келгеніне  біздер де өте қуаныштымыз. Елі­міз­дің бас газетін мемлекеттік педа­гогикалық институт ұжы­мы студенттері мен ұс­таз­дары алып оқи­ды. Сондықтан да біздің ұжым бас­пасөзге жазылудан, әсіресе, қазақ тілді басылымдарға жазы­лудан шет қалмайды. Баспасөзге жазылу науқаны аяқталғанша «Егемен Қазақстан» газетінің таралымы оқу орны бойынша 300 данаға жететін болады. Жанмырза НҰРМАҒАНБЕТОВ, мемлекеттік педагогикалық институт ректоры. Павлодар.