Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында еліміздегі тұңғыш автокөлік зауыты – «Азия авто» акционерлік қоғамында елеулі оқиға болды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Шкода-Фабиа» және «Шкода-ҮЕТI» жүйрік те әсем көліктерінің тұсауын кесті.
«Азия авто» зауыты қазірдің өзінде көліктердің онға жуық түрін шығарып жатыр. Отандық автоөндірістің көшбасшысы алдағы уақытта да ізденіс пен ілкімділік танытып, жайлы әрі сапалы көліктерді құрастыра бермек. Жаңа көліктер жүруге ыңғайлы, жанармайды аз жағады.
Оңдасын ЕЛУБАЙ.
Өскемен.