• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
16 Желтоқсан, 2010

Мемлекеттік награда– ең лайықтыларға

379 рет
көрсетілді

Қымбатты қазақстандықтар! 19 жыл бұрын Қазақстан Елбасы, «Нұр Отан» пар­тиясының Көшбасшысы Нұрсұлтан Назар­баев­­тың басшылығымен  гүлденген, қуатты мемлекет болуға алғашқы қадам жасады. Осы уақыттан бастап, біздің елі­міз көптеген қиын-қыстау кезеңдерді еңсере отырып, жарқын же­ңістер мен тарихи жетістіктерге  қол жеткізді. Қазір бірлігі жарасқан елімізде жүзден астам ұлттар мен халықтар өзара түсіністік пен келісім аясында тыныш өмір сүріп, бейбітшілік салтанат құруда. Тәуелсіздік алған кезеңнен бері республикамыздың әлеуметтік-саяси өмірінен орын алған өзгерістердің, реформалардың нәтижесінде Қазақстан дүние жүзіне танымал беделді мемлекет атанып, әлемдік қауымдастықтан лайықты орнын еншіледі. Бұған Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммиті дәлел бола алады. Мәртебелі жиын бұл, халқымыздың, ең алдымен Қазақстанның Президенті, партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің ең биік шыңы. Және біз үшін ТМД елдерінің ішінде, түркі тілдес мемлекеттер арасында алғашқы болып Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі үлкен мақтаныш және беделді ұйымға төрағалық ету өкілдігі табысты жүзеге асырылды.

Құрметті достар!

Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, мол бақыт, отбасында игілік, Отанымыздың гүлденуі жолындағы еңбектеріңізге  мол табыс тілейміз.

Мемлекеттік награда– ең лайықтыларға

Кеше Ақордада еліміздің Мем­­лекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Қа­зақстанның өсу-өркендеу жолында аянбай еңбек етіп, ат­салысып жүрген түрлі сала өкіл­де­рін мемлекеттік наградалармен марапаттады. – Қалыптасқан дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні қарсаңында Қа­зақ­станның көптеген азамат­та­рын ең­бектегі ерен табыстары мен адал қызметтері үшін Президент өз Жарлығымен мелеке­ті­міздің мәр­тебелі наградаларымен мара­паттайды. Осылардың қата­рын­да сіздер де барсыздар. Осы орайда, Нұрсұлтан Әбішұлының сіз­дерге деген арнайы сәлемін жет­кізе отырып, осы наг­ра­даларды ұсынуға рұқсат еті­ңіз­дер, – деді Қанат Саудабаев. Бұдан кейін Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі елімізде түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады. *  *  * Тәуелсіздік мерекесі қар­са­ңында Парламент Сенатында да салтанатты жиын болып, онда аталған палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Аппарат қызмет­кер­лерін айрықша мерекемен құт­тықтай келе, Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың атынан бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыс етті. Бұл күні Парламент Мәжі­лі­сін­де де Тәуелсіздік мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Елбасы атынан палата депутаттарына мемлекеттік наградалар тапсырды. *  *  * Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Назарбаевтың Жарлығына сәй­кес, мемлекеттік наградаларға ие болған азаматтардың қата­рында «Нұр Отан» ХДП өкілдері де бар. Кеше ол марапаттарды «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин табыстады. Сондай-ақ еліміздің министрліктері мен ведомстволары бас­шылары да өз салалары бойынша мемлекеттік наградаларға ие болғандарға Елбасының атынан марапаттау рәсімдерін өткізді. «Егемен-ақпарат».