• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2010

Еуразия келешегінің жаңа іргетасы

561 рет
көрсетілді

Тәуелсіздігін 19 жыл бұрын алған жас мемлекеттің тұңғыш рет маңызды халықаралық фо­рум­ды ұйымдастыруы тікелей Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бас­та­­масымен байланысты. Сон­дық­тан Елбасы құрған даму ба­ғыттарымыздағы сенім, дәстүр­лерді құрметтеу, ашық­тық пен өзара түсіністік құнды­лықтарын әлем елдеріне паш ететін Қа­зақстанның уақыты келді. Еуразия кіндігінде орналасқан Қазақ­стан төрағалығының ерекшелігі – тек посткеңестік республикалар ғана емес, Азиядағы бірінші мемлекет. Жалпы, Еуропадағы қауіп­сіз­дік және ынтымақтастық ұйы­мының Саммиті – мемлекет жә­не үкі­мет басшыларының бірнеше жыл­­дарға саяси қимылдар жүр­гізу­дің негізгі басым­дық­та­ры мен бағыт­тарын айқын­дауға арналған Ұйым­ның жоғарғы ор­ганы. Жаңа ғасыр, жаңа мың­жыл­дық пен жаңа әлем­дік шарт­тардағы 11 жылғы үзіліс­тен соң өтіп тұрған бұл саммит Қазақ елінің ғана емес, ЕҚЫҰ-ның да жетістігі болды. Саммит жұмысына ЕҚЫҰ-ға мүше және серіктес елдерден 73 ресми делегация, Біріккен Ұлт­тар Ұйымы, Еуроодақ, Тәуелсіз Мем­лекеттер Достастығы, Еура­зиялық экономикалық қауым­дас­тық, Шанхай ынтымақтастық ұйымы секілді бірқатар халық­аралық және аймақтық ұйымдар өкілдерінің қатысуы оның мәр­тебелігі мен жоғары деңгейлігін көрсетті. Сондықтан бұл жиын­да қозғалған мәселелер ЕҚЫҰ-ның алдағы онжылдыққа бағыт­талған негізгі міндеті саналатын мемлекетаралық ұйымдар шең­берін­дегі сенім мен интеграция­ны бекітіп, қарама-қайшылық­тардың алдын алуға септесетіні анық. Ұйым тарихында жетінші рет өткен Саммитте Елбасы Н.Ә.На­­зарбаев айтқандай: «Мемлекетіміз Ұйымды дағдарыстан шыға­руды міндет етіп қойды. Біздің бұл қимылдарымызды серіктес елдер өз дәрежесінде бағалай­тын­дығына сенімдімін. Ұйымды жаңарту процесі – бұл ұзақ ба­сым­дықтарға есептелген біздің жалпы міндет». Еңселі еліміздің тұғырын биіктетіп, саяси тұрақ­тылықтың қалыптасуына ықпал еткен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық жылында айтқан бұл сөздері арман емес, орында­ла­тын ақиқат екендігі айқындалды. Елбасымыздың ЕҚЫҰ инсти­туттарын кеңейту туралы ұсы­ны­­сына әлемдік қауымдастық қолдау білдіретініне сенімдіміз. ХХІ ға­сыр­дың қауіпсіздік жүйесіндегі эко­номикалық прагматизм эконо­миканың тұрақтылығына ықпал ететіні анық. Осы идея шең­бе­рінде энергетикалық қауіпсіз­дік пен экономикалық қарым-қатынас жөніндегі кеңестер құру ұйым құ­рылымын күшейтуге сеп­тігін тигізеді. Ұйымның эко­логиялық фо­румы қоршаған ор­таны қорғау бо­йынша көптеген ғаламдық мәсе­ле­лерді шешетіні белгілі. Саяси қақтығыстардың тарихи алғышарттары, қоғамдық қа­тынастардың саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуын­дағы дағдарыстың құбылыс­та­ры­мен байланысты. Қақты­ғыс­тар­дың жылдам өршуі әлеумет­тік-саяси және ұлттық-мемлекет­тік құрылыстың трансформа­ция­сы­ның үздіксіз жылдамдықпен жү­руінде еді. Әлемде қақты­ғыс­тық аймақтардың сақталуы тек Қа­зақстанды ғана емес, бүкіл әлем­дік қауымдастықты алаңда­та­ды. Өйткені, тұрақсыздық ай­мақ­т­ары лаңкестік пен есірткі бизнесінің, бұқаралық депортациялар мен этностық қуғын­дар­дың даму шарт­тарын қалыптас­тырады. Ел­басының Астанада орналасуы тиіс деп атап көр­сеткен ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздік инс­­титутын құру қауіпсіздіктің түрлі мәселелерін болжау жұ­мыс­­тарын ұйымдас­ты­ру­ды реттейді. Еуропалық қауіпсіздіктің па­ра­дигмасына өзгеріс енгізілгелі отырған Астана қаласында Еура­зияның жаңа келешегі қаланды. Бұл күнге Қазақ елі ерен еңбек­тің нәтижесінде қол жеткізді. Мем­лекеттің ішкі тұрақтылығын сақ­тай отырып, сыртқы байла­ныс­тарды жоғары деңгейде да­мы­ту – үлкен жауапкершіліктің иесіне тән қасиет. Елінің келешегін бү­гін­нен еңселі еткен Елба­сына хал­қымыздың сенімі мол. Батыс құндылықтары мен шы­ғыс дәс­түрлерінің синтезі негізіндегі Қа­зақстанның бағынды­рар белестері әлі алда деп білеміз. Мұрат НАСИМОВ, саяси ғылымдар кандидаты. Қызылорда.