• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2010

Қарыздар төленуде

444 рет
көрсетілді

Жазылған жайдың жауабы Бас прокуратура «Егемен Қазақстан» газетінде 09.10.2010 жылы «Жалақы қарызы қашан өте­ле­ді» атты мақалада жарияланған деректер бой­ынша төмендегіні хабарлайды. Осыған дейін Сіздерге хабарлағандай, Қы­зыл­орда облыстық прокуратурасы жергілікті атқа­ру­шы органдарымен бірлесіп облыс кө­ле­міндегі жалақы қарызын уақытылы өтеу мә­селесі бойын­ша жұмыстар жүргізуде. Ағымдағы жылдың 18 және 25 қарашасы ара­лығында 7 мекеме бойынша жұмысшылар ал­дында 89,7 млн. теңге жалпы жалақы қарыз­да­ры төленіп, облыс бойынша 18 мекеменің қа­рызы 156,0 млн. теңгеден 66,3 млн.теңгеге азайды. Оның ішінде, («Қызылорда су жүйесі» МКК – 76,8 млн., «Аралтұз» АҚ – 10,6 млн., «Атамекен балық өнеркәсібі» ЖШС – 1,0 млн., «Су құбыры» МКК – 0,3 млн., «Арзан базар» ЖШС – 0,1 млн., «Газтрейд» ЖШС – 0,6 млн., «Еңбек-Қызылорда» РКК филиалы – 0,3 млн.) төленді. Облыстағы жалақыға қарыздың жартысын құ­рай­тын «Қызылорда су жүйесі» МКК-ға Қы­зыл­орда мамандандырылған экономикалық со­ты­мен 09.11.2010 жылы 3 жылға оңалту рә­сімін енгізу туралы ұйғарым қабылданып, 19.11.2010 қалалық әкімдіктің «Сыр болашағы» қорынан жұмыс­шы­лардың жалақы қарыздарын төлеу үшін мекеменің есеп-шотына 80,0 млн. теңге қаржы аударылды. «Қызылорда су жүйесі» МКК-мен 19.11.-25.11.2010 жылы аралығында жұмысшылар мен қызметкерлерге 76 800 000 теңге жала­қы­лары беріліп, қалған 6 900 000 теңге қарыз аталған мекемеде жұмыстан түрлі себептермен шығып кеткен жұ­мыс­шылар мен қызмет­кер­лерден құралып отыр. Бүгінгі таңда осы айтылған қызметкерлерге ағымдағы жылдың мамыр-қазан айлары аралы­ғында жинақталған алашақ жалақыларын алып кету туралы хабарламалар берілген. Осы жұмыс прокуратура органдары­ тара­пы­нан жалғасуда. А.КРАВЧЕНКО, Департамент бастығы.