• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2010

24 сағат

372 рет
көрсетілді

Мәскеу әуежайларында «мұз жаңбырдың» салдары­нан авиарейстердің кешіктірілуі одан әрі жалғасып, 20 мың­ға жуық жолаушы қар тұтқы­нын­да отыр. Кеше «Ше­­­ре­метьево» әуежайында ашын­ған жолаушылар «Аэро­флот­тың» бірнеше қызмет­керін соққыға жықты. Өзбекстан өкіметі халық­аралық «Һюман Райтш Уаттш» құқық қорғау ұйымының өз аумағында жұмыс істеуінен кезекті рет бас тартты. Өзбек ше­неуніктерінің айтуына қараған­да, бұл ұйым қызметкерлерінің өзбек жерінде жұмыс істеу тәжірибесі жоқ және халықтың менталитетін білмейді. Белоруссиядағы президент сайлауының нәтижесіне қар­сы болып, жаппай тәртіп­сіз­дік­ке жол бергендердің біразы Ресей азаматтары болып шық­ты. Олар 10-15 тәулік ара­лығын­дағы мерзімге қа­мауға алынды. Украинада Юлия Тимошенко Үкімет басында болған кезде үлкен қызметте болған адам­дардың біразына қарсы қыл­мыс­ты іс қозғалған. Солардың бірі – бұрынғы ішкі істер министрі Ю.Луценко. Қазір ол тұт­қынға алынды. КХДР басшысының кіші ұлы Ким Чен Ынды ендігі жерде «жас генерал» деп атауға ресми түрде тыйым са­лынып, оны «құрметті жолдас Ким Чен Ын» немесе «құр­метті Орталық әскери комитет төрағасының орын­басары» деп атау ұсынылды. Кеше Теһранда Израильдің «Моссад» арнаулы қызметінің пайдасына шпиондық әрекеттер жасаған ирандық асып өлтіріл­ді. 2008 жылы ұсталған ол өзінің «Моссадтан» шпиондық әрекеттері үшін 60 мың доллар алғанын мойындаған. Америкалықтардың ара­сын­да жүргізілген сауалдама­ларға қарағанда, президент Барак Обама үшінші жыл қа­тарынан елдегі ең ұнамды адам болып отыр. Одан кейінгі орындарда бұрынғы президенттер – кіші Дж.Буш пен Б.Клинтон. Ең атақты әйел мәр­тебесін Х.Клинтон иеленген. Ресейлік бизнесмен М.Хо­дорковскийдің үстінен жүргі­зіліп жатқан сот процесінде ол екінші іс бойынша да кінәлі деп табылып, соған орай үкімнің оқыла бастаға­нына екінші күн болды. Грузия президенті М.Саакашвили бұл процесті Ресей басшыларының бөтен ойлы­лар­ды қуғындауының көрінісі деп бағалады. Үндістан Үкіметі жаңа­жыл­дық мерекелерде тер­рорис­тердің шабуылы болуы мүмкін деп жалпыұлттық да­был қақты. Сондықтан бар­лық темір жол вокзал­да­рында, метро мен аэропорт­тарда, сауда орындарында және т.б. жерлерде қауіпсіздік шаралары қатайтылды. Интернет материалдарының негізінде әзірленді.