• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2010

Қазақстанды жаңа қырынан танытты

524 рет
көрсетілді

Президент поштасынан Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың атына ЕҚЫҰ Сам­митінің табысты өтуіне байланысты жүрекжарды қуаныштарын біл­дірген қазақстандықтардың хаттары мен жеделхаттары елі­міздің түкпір-түкпірінен толассыз келіп түсуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Қазақстанның Еңбек Ері, «Қарқын» ЖШС директоры Сайран Бұқанов Елбасыға жолдаған хатында: «Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстанды бүкіл әлемге жаңа қырынан танытқан ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитінің жоғары деңгейде өтуі Сіздің қажырлы еңбегіңіздің, көреген саясатыңыздың және әлем таны­ған үлкен беделіңіздің арқасы деп білемін», деп жазады. Мұн­дай мазмұнға толы хаттарды Қос­танай облысының тұрғындары – Жангелдин аудандық «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орын­басары Р.Ахметжанов, «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Н.Тәжин, Жангелдин аудан­дық мәслихат депутаты К.Карбозов, ардагерлер Б.Уахитов, С.Батырғалиев, О.Алмат, Әулиекөл ауда­нының құрметті азаматы С.Дос­мағамбетов, ақын С.Оспан­ұлы, Б.Кенжебеков, «Алтын алқа» иегерлері А.Ілиясова, Х.Ала­хова, мектеп директоры Н.Утеулина, мұғалім А.Құрамысова, А.Ержігітова, М.Ходенұлы, Ғ.Байкенова, студент Т.Ботакөз жолдаған. Ал Астана қаласындағы Ғ.Қай­ырбеков атындағы №2 мек­теп-гимназияның 7-сынып оқу­шы­сы И.Дәулет өз хатында сы­нып­тастарымен бірге ЕҚЫҰ Сам­митін теледидардан зор ынтамен көр­генін айта келіп, Елбасын қазақ халқының, жалпы қазақ­стан­дықтардың абыройын асқақ­тат­қан тарихи ерлігімен құт­тық­тайды. Сондай-ақ Шығыс Қазақ­стан об­лысының тұрғыны К.Шә­ріп­бе­кованың хатында ЕҚЫҰ Сам­ми­тінің табысты өткені қуа­нышты көңіл-күймен баяндалса, Алматы қаласының тұрғыны З.Темірова Елбасын Тәуелсіздік күнімен құт­тықтап, жылы лебізін білдіреді.