• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
31 Желтоқсан, 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1269

460 рет
көрсетілді

2010 жылғы 29 қараша   Үкімет үйі      Астана Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 535 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Аккумулятор батареялары­ның кейбір түрлерінің импортына қатысты іс қарауды бастау туралы» Қазақстан Республикасы Үкі­метінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 535 қаулысына (Қазақстан Республи­касы­ның ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 315-құжат) мына­дай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: 1-тармақта: 1)тармақшада: бірінші абзацтағы «Мынадай» деген сөз «Беларусь Республикасынан және Ресей Федерациясынан шығарылатындарын және әкелінетіндерін қоспағанда, мына» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзацтағы «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының» деген сөздер «Кеден одағы­ның» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «аяқталғанға дейін» деген сөздерден кейін «Беларусь Респуб­лика­сынан және Ресей Федерациясынан шығары­латындарын және әкелінетіндерін коспаған­да,» деген сөздермен толық­тырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Экономика­лық даму және сауда министрлігі Қа­зақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі қабылдаған шешім туралы белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интегра­ция­лық комитетін хабардар етсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күні­нен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.