• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
31 Желтоқсан, 2010

Дәуір тұлғасы

551 рет
көрсетілді

Баршаға аян, еліміздің  қасиетті де қас­терлі төл мерекесі –Тәуелсіздік күніне орай бірқауым жұрттың мемлекетке сіңірген  ең­бектері бағаланып, жоғары наградалармен марапатталған болатын. Солардың ара­сында  ҚР ҰҒА және РМҒА академигі, ДДҰ-ның кеңесшісі, Леон Бернард атын­дағы ДДҰ-ның жоғары марапатының және ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қа­зақ та­ғамтану және профилактикалық ме­дицина акаде­мия­ларының президенті, медицина ғылымдарының док­­торы, профессор Төрегелді Шарманов та Мемлекет бас­шысының   қолынан 1 дәрежелі Достық орде­нін алған-ды. Жуырда редакцияның Ал­ма­ты қосынына  Қазақ тағамтану  ака­де­миясының бір топ қызметкерлері:    «Бас­шымыздың биік беделі жө­нінде еліміз біле түс­се» деген тілек айта келіпті... Иә, көрнекті ғалым, білікті ұйымдастырушы Т.Шарманов өзі­нің саналы ғұмырын түгелдей дер­лік ғылымға арнап, оның ішінде отандық  медицина саласын да­мытуға, халық денсаулығын ны­ғайту мен жақсартуға сіңірген еңбегі, қосқан үлесі орасан.  Осы елеулі еңбегін Мемлекет бас­шы­сы Н.Назарбаев ғалымның 80 жас­қа толған мерейтойына жол­даған құттықтауында да атап өтті.   Онда былай делінген: «Құрметті Төрегелді Шарманұлы! Сіз еңбек жолыңызды ауыл дәрігері болып бас­тап, еліміздің денсаулық сақ­тау министріне дейінгі қызмет­тер­дің бәрін де абыроймен атқа­рып, жұртшылықтың шынайы ал­ғы­сы мен құрметіне бөленіп келе жатқан азаматсыз. Қай істе де өзі­ңізді білімді маман, дарынды ұй­ым­дастырушы, қашанда ел мүд­десін басты міндет санайтын, жан-жүрегіңіз таза тұлға ретінде та­ныта білдіңіз. Ғылым жолын­дағы қызметіңіздің де өте жемісті екеніне сүйсінеміз. Ғылым док­то­ры, профессор, медицина инс­ти­тутының ректоры, КСРО Медицина ғылым академиясының академигі бола жүріп, бірнеше жүз­де­ген ғылыми еңбек жаздыңыз. Әлем­дік медицина ғылымы сала­сына қосқан үлесіңіз ДДҰ-ның Леон Бернард атындағы халық­ара­лық сыйлығымен аталып өтіл­ді. Кейінгі жастарымыз әрдайым өзіңіздей абзал ағалардың жолын ұстап, өнегесін үлгі тұтып өссе екен деймін. Аман болыңыз, Тө­ке! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баян­ды бақыт тілеймін». Көрнекті ғалым, профессор Т.Шар­манов бүгінде әлемдік қо­ғам­дық денсаулық сақтау саласының аса ықпалды тұлғасының бірі ретінде де танылып отыр.  Оның білікті ұйымдастырушы ретінде 1978 жылы Алматыда 146 мемлекет делегациясы қатысқан  атақты   ДДҰ-ның халықаралық конфе­рен­циясын өз дәрежесінде өт­кі­зіп,  ХХ ғасырдағы ұлы хартия –  Алматы Декларациясының  қа­был­дануы елдің мәртебесін  кө­те­ріп, мерейін үстем етті. Т.Шармановтың тағы бір игілікті ісі – жақында Елбасының қа­тысуымен өткен телекөпірде Тал­ғардағы ана мен балаға ар­нал­ған дәрумендерге бай, таза табиғи сүт өнімдерін шығаратын «Амиран» зауытының тұсауы кесілді.  Балалар мен аналарға арналған емдік-профилактикалық тағам өн­­діретін зауыт – Орталық Азия мен Кавказ өңіріндегі бұл ба­ғытта алғаш іске асырылған жоба.  Мұнда Қазақ та­ғамтану ака­де­мия­сының ғалым­дарының көп жылғы ғылыми еңбегінің негізінде жасалған 8 түрлі балалар мен ана­ларға арналған емдік-про­фи­лак­тикалық және дие­талық тағам өндіріледі.   Мұндағы шы­ға­ры­ла­тын өнімнің шеттен әке­лінетін бала тағамынан   айыр­ма­шы­лығы – табиғи шикізат көзінде, яғни фермерлік шаруа­шы­лықтардан әке­лінетін сиыр сүті қол­да­ны­ла­ды. Мұндай шаруа­шы­лық өнім­дері мұ­қият таңдаудан өткізілген. Толы­ғымен автомат­тан­ды­рылған өндіріс  күніне 15 тонна өнім өн­діріп, Ал­маты қаласы мен Ал­­ма­ты облы­сының бала мен ана та­ғамына қажеттілігін өтейтін болады. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.