«Казгидромет» РМК-нің хабарлауынша, 2011 жылдың 1-2 қаңтары күндері күн ашық, аязды болады. Тек батыс өңірлерде батысеуропалық циклонның ықпалы сақталып, жаңбыр мен қар жауады, батыстан соққан желдің жылдамдығы секөнтіне 15-20 метрге дейін жетеді. Осы күндері республиканың солтүстігінде, орталығы мен шығысында ауа температурасы түнде минус 30-35, қиыр шығыста 40 градусқа дейін төмендейді, күндіз 20-28 градус аяз болады. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірде ауа температурасы түнде минус 13-23, күндіз 8-15 градусты көрсететін болады. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында түнде 2-10 градустай, Каспий теңізі жағалауында 0-5 градус аяз болып, күндіз 2-7 градусқа дейін жылынады, тек кейбір жерлерде ғана термометр 3 градус жылылықты көрсететін болады.