• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
01 Қаңтар, 2016

Талдықорғанды түрлендірер театр

346 рет
көрсетілді

Жетісуда жарыса бой көтерген құрылыс нысандары мешін жылы да жалғасын табады. Соның бірегейі Талдықорғанда салынатын Алматы облыстық драма театры болып саналады. Құры­лыс нысанының жалпы аумағы 10513,40 шаршы метр болатын­дығы, онда 3 қабатты ғимарат бой көтеретіндігі жоспарланған. Көрген жанның көзін тойдыратын ғимараттың сырт келбеті әсемдігімен қала сәнін көркейте түссе, ішіне 510 адам сыйып нағыз өнер ордасына айналары хақ. Өңір басшысының бұл маңыз­ды мәселені алдын ала кеңі­нен ойлас­тырғандығы сол, бүгінде драма театрдың құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін экономикалық-техни­калық негіздегі кешенді сараптаманың қорытындысы да шықты. Жобаны талқылап, қарау үшін мемлекеттік сатып алу жүргізуге конкурстық құжат­тар дайындалуда. Бұл дегені­міз, белгіленген уақытта құры­лыс жұмысын жүргізетін құры­лыс компаниясын анықтап, заңна­ма шеңберінде драма театр құры­лысын ешқандай кедергісіз бастауға ашылған жол болып ­саналады. Сөйтіп, Талдықорған­ның батысында бой көтеретін ­драма ­театры жаңа шағын ауданда ­жарыса салынып, сап түзе­ген құры­лыс нысандарымен қанаттаса қаланы түрлендіре түсетініне кәміл сенім бар. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». ТАЛДЫҚОРҒАН.