• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2016

Ғылым жолында

728 рет
көрсетілді

Еліміздің өркендеуіне сүбе­лі үлес қосып жүрген азамат­тардың бірі деп экономика ғылым­дары­ның докторы, профессор, Ауыл шаруашылығы ғылымдары акаде­миясының академигі Қуа­ныш Қабиденұлы Абуовты мақта­ныш­пен айтуға болады. Ол 1946 жы­лы ­14 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау ауданы­ның Жұмысшы ауылында көп ба­лалы отбасында дүниеге келді. Орта мектепті тәмамдаған Қуаныш Қабиденұлы 1962 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсті. Оны «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша 1967 жылы аяқтады. Содан соң Целиноград облысының «Лав­ровский» совхозында, кейін Көкшетау облысының «Сы­рымбет» совхозында бас инженер болып жұмыс істеді. Осы қызметте жүргенде түрлі ауыл шаруашылығы машиналарының іркіліссіз жүруіне көп еңбек сіңірді. Машина-трактор паркінің қалыпты жұмыс істеуіне, өнді­рістің тиімділігін арттыруға ықпал етті. Бұл Қуаныш Абуовтың ғылым жолына соқпақ салған алғашқы қадамы еді. Білімін одан әрі тереңдетуіне байланысты 1971 жылы Қуаныш Қабиденұлы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының аспирантурасына қабылданды. Арада үш жыл өткеннен кейін экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін ойдағыдай қорғады. Осы уақыттан бастап бүкіл ғұмырын ғылым жолына арнап, педагогикалық қызметтен де қол үзген жоқ. Ол 1975-1980 жылдар ара­лығында осы институт ректо­рының сырттай оқу бөлімі жө­ніндегі орынбасары қызметін атқарды. Аталған уақыт ішінде сырттай оқу бөлімінің жұмысын барынша жандандырды. Сөйтіп оқу үдерісін, білім сапасы мен үлгерімін жетілдіріп қана қой­май, сырттай оқу факуль­тетінің ашылуына негіз қалады. Біраз жыл экономикалық кибернетика кафедрасының мең­герушісі, кейін экономика-мате­матикалық модельдеу кафедра­сында оқытушы қызметін атқарады. Курстық және дип­ломдық жұмыстардың жазылу тәртібін, оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын талаптардың, өзара сабақ алмасудың әдіс-тәсілдерін, біліктілікті көтеру мен ғылыми жұмысты жетілдірудің жолдарын қарастырды. Осы кезеңде 35 кітап, оның ішінде 10 монография мен 25 оқу құралын дайындады. 1991 жылы жазылған «Экономика-математикалық әдіс» атты кітабы Қазақ КСР Білім министрлігінің ұсынысымен басылып шықты. Бұл кітап ЖОО экономика факультеті студенттерінің негізгі оқулығына айналды. Қуаныш Қабиденұлы тоғыз жыл бойы экономика факультетінің деканы болды. Аталған қызметті абыроймен атқарып, ұжымның жоғары жетістіктерге жетуіне күш-жігерін аямады. Қашанда ізденіспен жүретін ол осылайша үлгі танытты. Оқы­тушылар мен сту­денттердің ғы­лыми-зерттеу жұ­мыс­тары же­місін берді. Оқы­тудың барлық талап­тары бойын­ша экономика фа­культеті алдыңғы орынға шықты. Тәрбие беру мәсе­лесіне орай өз ұсы­нысын ба­тыл ен­гізді. Мәсе­лен, сту­­денттер жатақ­ха­на­сын­да өзін-өзі бас­қару жүйе­сін құрды. Фа­культеттің шығарма­шылық және спорттық жетістіктері де айтарлықтай өсті. Бір сөзбен айтқанда, барлық мәселе оң ше­шімін тапты. Ал 2005-2009 жылдар ара­лығыда Қуаныш Абуов Көкше­тау қаласындағы жеке оқу орнының шақыруымен ректор қызметін атқарды. Мол тәжі­­рибесінің арқасында аз уақыт­та университеттің ғылыми әле­уетін көтерді. Оның іскерлігі нәтижесінде 13 ғылым докторы мен профессор, 46 ғылым кандидаты мен доцент қызметке тартылды. Университетте істеген төрт жылда көптеген оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар мен нұс­қаулықтар жазылды, онда­ған зерт­ханалар мен арнайы жабдық­талған кабинеттер ашылды, компь­ю­терлік база толығымен жаңар­тылып, оқу орнының екінші қабаты тұрғызылды. Осыдан алты жыл бұрын Қуаныш Қабиденұлы Қазақ агротехникалық университетіне оралып, кафедра профессоры лауазымына тағайындалды. Тәжірибелі ұстаз ғылыми-зерттеу және оқу-тәрбие қызметіне кірісіп, көптеген мақала, экономика мамандығы бойынша магистранттарға арналған бір оқулық, техника саласындағы докторанттарға арналған екі оқу құралын және оқу-әдістемелік нұсқауларын баспадан шығарды. Қуаныш Қабиденұлы өз ғы­лым мектебін қалады. Ол 4 экономика ғылымдарының докторын, 3 PhD докторын, 26 ғылым кандидатын дайындап, қазір 2 магистрантты оқытып жатыр. Ғалымның тәлімін алған шәкірттері бүгін­гі таңда С.Сейфуллин атын­дағы Қазақ агротехникалық универ­ситетінде, Павлодар заманауи университетінде, Павлодар педа­гогикалық универ­сите­тін­де, А.Байтұрсынов атын­дағы Қостанай мемлекеттік уни­ве­р­си­тетінде, Ш.Уәлиханов атын­дағы Көкшетау мемлекеттік универ­ситетінде, Көкшетау гумани­тар­лық-техникалық универ­сите­тінде, Шымкент, Алматы қала­ларының жоғары оқу орындарын­да және Моңғолиядағы беделді университетте, сондай-ақ, мемле­кеттік мекемелер мен ұйымдарда қызмет етеді. Ғалым-ұстаз қоғамдық негізде Білім және ғылым министрлігі Бақылау комитетінде экономика мамандықтары бойынша сарапшылар кеңесін басқарды, Қазақстан мен Германия арасын­дағы үкіметаралық келісімге сәй­кес ауыл шаруашылығындағы нарықтық экономиканың дамуы жөнінде ғылыми жұмыстарды үйлестіріп, С.Сейфуллин атын­дағы Қазақ агротехникалық университетінің диссер­тациялық кеңесіне жетекшілік жасады. Қуаныш Қабиденұлы 170-тен астам ғылыми еңбек жазды, оның ішінде 10 монография, 30 оқулық пен оқу құралдары бар. Оның еңбектері тек Қазақстан ғылымы аясында ғана емес, шетел оқу үдерісінде қолданылады. Ғылым саласындағы оқу-әдістемелік, тәрбие жұмыстары үшін Қуаныш Абуов «Қазақстан Республикасының білім үздігі», «Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасы білім саласының құрметті ұстазы» төсбелгілерімен, «Жоғары оқу орнының құрметті қызметкері» атағымен марапатталды. Бұдан бөлек басқа да сый-сияпаттарға ие болды. Қуаныш Қабиденұлы жетпіс жылдық мерейтойына зор табыспен келіп отыр. Бұған оның атқарған адал еңбегі дәлел. Ол өнегелі шаңы­рақтың отағасы. Отанасы Ғалия Қабиденова мектепке дейінгі тәрбие беру саласында көп жылдар бойы жұмыс істеді, қазір зейнет демалысында. Отбасында үш баланы үлгілі етіп өсірді. Олардың бәрі жоғары білімді мамандар. Балаларынан өрбіген немерелерін өбіп, қызықтарына тоймайды. Қуаныш Қабиденұлы қашанда халқына аянбай еңбек етіп, ел игілігін еселеу жолында талмай ізденіспен келе жатқан ғалым. Ендеше, ұлағатты ұстаз, ардақты азаматқа алдағы кезде де биік белестерден көрінуіне тілектеспіз. Айтжан ӘБДІРОВ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің бірінші проректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.