АСТАНА. 12 қаңтар. Солтүстік Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының интернационал жауынгерлеріне ордендерді табыстауға арналған іс-шара өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы» ордені «Патриот KZ» халықаралық қордың шешімімен бекітілді. Бұл орденмен интернационал жауынгерлер Болат Ережепов пен Игорь Гамов марапатталды.
Одан басқа, қазақстандық патриотизм рухында жастармен әскери-патриоттық жұмысты өткізуде сүбелі үлес қосқаны үшін Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Е.Байболовты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев «Батыр шапағаты» медалімен марапаттады.
Іс-шараға оқшаулы соғыс пен ауған соғысының ардагерлері, интернационал жауынгерлер, ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектеп тәрбиеленушілері, Солтүстік Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен басқармасының жеке құрамы және Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Ж.М.Ережепов шақырылды.
Дастан Кенжалин.
Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.