• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2016

Көз жауын алған көркемдік

288 рет
көрсетілді

Облыстық халық шығармашылығы үйі облыстық мәде­ниет, мұрағаттар жә­не құжаттама басқар­масының қолдауымен ұйымдастырған дәстүрлі «Еңбек пен өнер егіз» атты облыстық сәндік-қолданбалы қолөнер ше­берлерінің байқауы бұған нақты дәлел болады. Қазақтың ұлттық қолөнері сан салалы. Темірден түйін түйген, әшекей бұйымдар соққан, тері өңдеп, тас­па тіліп, ат әбзелдерін өрген, ою ойып, сырмақ, киіз бас­қан, ұлттық өрнекпен нақыштап киім және көрпе-жастық тіккен, ши тоқып, сурет салған небір шеберлер болған. Әлі де бар. Атадан балаға, анадан қызына мұра болып келе жатқан бұл үрдістің үлгісі үзілмей келе жатқаны қуанышты. Міне, еліміз егемендік алғаннан бері ұлттық қолөнерімізді дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Қазір қолөнеріміз жанданып, екінші тынысы ашылуда десек, артық айтқандық емес. Байқаудың мақсаты ұлттық салт-дәстүрді сақтау, іс-тәжірибе ал­­масу, қатысушылардың шығар­машылықтарына жағдай туғызу және талантты жастарды қолдау болып табылады. Өнер байқауына Әйтеке би, Байғанин, Хромтау, Қобда, Ойыл, Қарғалы, Мұғалжар аудандарынан қолөнер шеберлері, Ақтөбе қаласындағы №14, 40 ор­та мектептердің мұғалімдері және С.Бәйішев атындағы Ақтөбе уни­верситетінің студенттері қатысты. Қатысушылардың 100-ден астам жұмыстары сәндік-қолдан­балы өнердің гобелен, іс тігу мен кес­телеу, кілем, ши тоқу, зергерлік бұйымдар, бисерлі өру, құрақ құрау және басқа салалары бойынша көрмеге қойылды. Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде 12 қатысушы өздерін таныстырып, қолдарынан шыққан бұйымдарына тоқталып өтті. Екінші кезеңде өнерлерін көр­сетіп, музыкалық айшықты бұйым­­дарды ҚР Суретшілер од­а­ғының мүшесі, облыстық «Алақай» қуыршақ театрының директоры Әсия Құрманалина бастаған қазылар саралады. Шеберлердің қолөнер туындыларына баға бе­ру қазыларға оңай болмады. Се­бебі, барлық жұмыстар өзін­дік ерекшеліктерімен қатар қай­та­ланбастығымен таңғалдырды. Бай­қау барысында және қазылар алқасының қорытынды шығару кезінде облыстық халық шығар­машылығы үйінің әншілері Сәбит Берікұлы мен Нұргүл Рамазанова көрермендердің көңілін әнмен тербеді. Қазылар алқасының шешімі бойынша облыстық байқауда бірінші орынға Ақтөбе қала­сын­дағы №14 орта мектептің оқыту­шысы Гүлден Аязбаева ие болды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.