• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
31 Қаңтар, 2016

Сальвадордың бұрынғы президенті қайтыс болды

284 рет
көрсетілді

АСТАНА. 31 қаңтар. Сальвадордың бұрынғы президенті Франсиско Флорес өткен сенбі күні қайтыс болды. Бұл туралы interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. 57 жастағы Франсиско Флорестің қазасы туралы алғаш болып, оппазициялық «ұлттық республикалық одақ» партиясы хабарлады. Президент болған 1999-2004 жылдар аралығында аталған партияның мүшесі де болған. Осыған дейін бұрынғы президенттің қорғаушысы Эдгар Моралес Хойя оның соңғы кездері жиі сырқаттанып жүргенін, сондай-ақ, өз үйінде ес-түссіз күйде талып жатқанын айтқан. Жергілікті Rosales ауруханасының дәрігерлері жүйке жүйесінің ауруына байланысты жағдайының мүшкіл екенін мәлімдеді. Аян Әбдуәли. Дерек: interfax.ru. Сурет: lainfo.es.