• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2016

Моңғолиядағы бүркітші қазақ қызы

542 рет
көрсетілді

туралы Голливуд анимациялық фильм шығарғалы отыр Бұдан бірқатар уақыт бұрын жас бүркітші ретінде күллі әлемге аты танылған моңғолиялық 13 жасар қазақ қызы Айшолпан енді өзінің бүркітімен бірге мультфильмнің қаһарманына айналатын болды. Бұл Sony Pictures компаниясы «Бүр­кітпен аң аулау» фильмін түсіру құқығын жеңіп алғаннан кейін анықталды. Жаңа анимациялық картина Моңғолияның Баян-Өлгей айма­ғында тұратын қыздың бүркітпен достасқан өмір жолдарын суреттеуге арналады. Қазір Голливудта қолына бүркіт ұстаған моңғолиялық қазақ қызының бейнесі өзіндік жәдігерге айналған. Сондықтан, ол әлем кинематографының азулылары арасындағы жеңсік астай тәтті көрініп тұр. Еске сала кетейік, 2014 жылы фотограф Ашер Свиденски Баян-Өлгей аймағында Айшол­панды бірінші рет кездестіріп, бүркітімен бірге суретке түсіріп алады. Рә­сім сол бойда ғажайып фотолар серия­сындағы «тау құстарын қол­ға үйрететін жүрек жұтқан қыз» есебінде әлемге кеңінен та­ны­лып кетеді. Фотограф әкесі бұдан басқа ұлы бола тұра, осы ата кәсіпке жалғыз қызын бау­лығанын, соның арқасында оның қазірдің өзінде нағыз шебер болып шыққанын жаһанға жария етеді. Айшолпан осылай заматында Батысқа танымал болып шыға келді. Оның атын естіген бойда Баян-Өлгейге Нью-Йорктегі «Олигва Интертайнмент» кино­ком­паниясының британиялық иесі Отто Белл келеді. Ол «таңғажайып» қыз бен оның бүркітшілік өнері туралы «Бүркітпен аң аулау» атты деректі фильм түсіруді ұсынады. Идеяны Голливудтың «Star Wars: The Force Awaken» – «Жұлдызды соғыстар: 7 эпизод» фильмінде ойнайтын жұлдызы Дэйзи Ридли идея­ны қолдайды және бас кейіпкердің даусын беруді мойнына алады. Бірақ бұған дейін Sony Pictures Classics «Бүркітпен аң аулау» тақырыбы бойынша анимациялық фильм түсіру құқығын алып үлгер­ді. Ол 13 жастағы Айшолпан қыз­дың бүркітшілік қызметін нағыз тари­хи оқиғаға айналдыруға кірісіп кетті. Руслан ИГІЛІК.