• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2016

Сирияда әуе шабуылынан қаза тапқандар саны 15 адамға жетті

197 рет
көрсетілді

АСТАНА. 4 қаңтар. Сирияның Дераа қаласында жасалған шабуылдан қаза тапқандар саны 15 адамға жетті. Сондай-ақ, 58 адам түрлі жарақат алды. Бұл туралы ria.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Алғашында шабуылдан 10 адамның қаза тапқаны жөнінде ақпарат тарағанымен, бұл көрсеткіш 15 адамға жетті. Мерт болғандардың бәрі қала тұрғындары. «Қаза тапқандар саны 15 адамға жетті. Ауруханаға 58 адам жеткізілді. Олардың ішінде бүлдіршіндер де бар. Бұл мәлімет әзірге нақты емес. Жан сақтау бөлімінде 8 адам жатыр», – деді жергілікті аурухананың дәрігері. Дераа қаласында соңғы рет 2015 жылдың тамыз айында шабуыл жасалған. Қазіргі кезде қаланың 80 пайызы мемлекет бақылауында. Өткен аптада сириялық әскер атышулы содырлар ұйымының негізгі орны болған Шейх-Мискин қаласын босатып алды. Аян Әбдуәли. Дерек: ria.ru. Сурет: ren.tv.