• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2016

Жамбыл облысының әкімі Бразилияға баратын футболшылармен кездесті

273 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 4 ақпан. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Бразилияға аттанған жас футболшыларды қабылдап, сәттілік тіледі. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. «Соңғы жылдары футболмен түбегейлі айналысып жүрген өңір жастарының бірқатарын Бразилияға үш жылға оқуға жіберіп, шеберлігін толыстырып отыру жақсы үрдіске айналып келеді. Ол үшін облыстық қазынадан тиісті қаражат көзі қарастырылған. Бұл бірінші кезекте бүгінгі жасөспірімдердің мықты футолбшы болып қалыптасуына ықпал етсе, екіншіден, алдағы уақытта легионерлердің орнын басуға мүмкіндік туғызбақ. Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков, облыстық футбол федерациясының президенті Әлімбек Жұмабаев, облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры Манарбек Ағайдаров секілді ағайларың жасөспірімдерді Бразилияға оқуға жіберу туралы ұсыныспен келген кездерінде бірден қолдау білдірген едім. Жамбыл жері – нағыз спорттық өңір. Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев, Болат Жұмәділов, Ермахан Ыбырайымов секілді саңлақтар шыққан өңірде бүгінде өздеріңдей өрімдей жастардың спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдай жасалған. Екі мыңға жуық түрлі деңгейдегі спорт кешендері, алаңдар, жаттығу залдары бар. Біз сендердің Бразилияда шеберлік толыстырып қана қоймай, мәдениетті, тәрбиелі азамат екендеріңді көрсеткендеріңді қалаймыз. Сендер жақсы болсаңдар да, жаман болсаңдар да сөзі бізге келеді. Әрқайсыңның оқуыңа 65 мың доллар көлемінде қаржы бөлінді. Сендер облыстың, елдің патриоты болуларың керек. Бір миллион жүз мыңнан астам халық маған қарап отыр деп намыстанып ойнауларың керек. Футболды Бразилияда қалай ойнайтынын достарыңа үйретіңдер. Біз қазір легионерлерді сырттан алып келеміз. Оларға ақша болса болды. Жеңсе жақсы, жеңілсе басқа әңгіме. Олар ақша үшін тер төгеді ғой.  Ал сендер намыс үшін аянбауларың керек. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. Кейін «Тараз» футбол клубының құрамында 80-90 пайыз өзіміздің жігіттер өнер көрсетіп жүрсе, баянды бастаманың қолдаушысы ретіне біз қуанатын боламыз», деген Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Оңтүстік Америкаға аттанатын жас өрендерге сәттілік, ақ жол тіледі. Облыс әкімінің қабылдануында болған жасөспірімдер де сенім үдесінен шығуға ниетті. Бүгінде сол қапталдағы шабуылшы ретінде көзге түскен Абзал Оразбаев, жартылай қорғаушы Мирас Әбдібеков, орталық жартылай қорғаушы Дінмұхамед Құрамандар тәжірибе жинақтап қалса, Бразилия еліне енді аттанатын қақпашы Алмас Нұрмаш пен орталық жартылай қорғаушы Ағаділ Құлтастар болашақта «Тараздың» да, ұлттық құраманың да намысын абыроймен қорғауға дайын. Абзал мен Мирс Бразилияда жүріп, сондағы еліміздің жасөспірімдер ұлттық құрамасының негізгі құрамынан орын да алып үлгеріпті. Оралхан Дәуіт.   Дерек: egemen.kz Сурет: Ақәділ Рысмахан.