• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Ақпан, 2016

Жемқорлықпен күресте жеңіл шешім болмайды

270 рет
көрсетілді

Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) парақорлықпен күрес жөніндегі жұмыс тобы төрағасы Драго Кошпен кездесіп, ортақ мәселе төңірегінде өзара пікір алмасты. Кездесу барысында транзиттік қоғам­дардағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері, басқарушылық шешімдерді қабылдау ашықтығын қамтамасыз ету шаралары талқыланды. Сондай-ақ, сыбайлас жеморлықтың алдын алудың институционалды аспектілері, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру, оның ішінде, заманауи мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, транспарентті, есеп беретін мемлекетті дамыту бойынша мемлекеттік органдар ұмты­лыстарына қолдау көрсету мақсатында әрі қарай ынтымақтасу жолдары сөз болды. Кош мырза өз сөзінде мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есеп беруін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік аппараттың тиім­ділігін арттыруға бағытталған шаралардың маңыздылығын атап өтті. Осы сапар барысында Драго Кош Мем­лекеттік қызмет істер министрі Талғат Донақовпен, Президент жанындағы мем­лекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірәсіловпен және Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжановпен кездесті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сая­сат және мемлекеттік басқару саласын­дағы белгілі халықаралық сарапшының Қазақ­станға сапарын Астанадағы өңірлік хаб ұйымдастырды. Драго Кош 2014 жылдан бері ЭЫДҰ парақорлықпен күрес жөніндегі жұмыс тобын басқарып келеді. Ол оған дейін Словениядағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі комиссиясының сайланған алғашқы президенті қызметін атқарған. Еуропа кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕК) төрағасы, денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықпен күрес бойынша Еуропа желісінің вице-төрағасы, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Еуропа кеңесі мамандар тобының мүшесі болған. Астанадағы мемлекеттік қызмет са­ла­­­сындағы өңірлік хаб аймақтағы елдер мемлекеттік қызмет бойынша үздіксіз тәжі­рибе мен білім алмасуы үшін институттық негіз ретінде құрылған. Бастапқыда 25 қатысушы елден құралған Астана хабына қазір Еуропадағы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, ТМД, Орталық Азия және ASEAN мемлекеттерін қамтитын 32 қатысушы мемлекет пен 5 халықаралық ұйым кіреді.   Руслан ИГІЛІК.