• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2016

Ұлттық қауіпсіздік – ел қорғаны

303 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында ұлттық қау­іп­сіздікті қамтамасыз ету мәсе­лелері талқыланды. Мемлекет басшысы қазіргі уа­қытта Сыртқы барлау қызметі өз да­муының жаңа кезеңіне өтіп жат­қанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі геосаяси ахуалдың күр­деленуі мен халықаралық терроризм төндіріп отырған қатердің ұл­ғая түскенін ескере отырып, елі­міз шетелдердегі өз мүддесін қор­ғау жұмыстарын күшейтуге тиіс екендігіне назар аударды. Ғ.Байжанов ведомствоның алдына қойылған міндеттердің жүзеге асырылу барысы туралы, соның ішінде кадрларды іріктеу мен даярлау жүйесін жетілдіру жұмыстары жөнінде баяндады. Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.