АСТАНА. 8 ақпан. Беларусь телевидениесінде Ресейдегі «Поле чудес» шоуы іспеттес бағдарлама қолға алынады. Бұл туралы «Народная воля» газетінің ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Беларусь 1» телеарнасынан көрсетілетін бағдарлама сыйлықтар тарату арқылы жүретін ойын шоу болмақ. Телерадиокомпания төрағасы Геннадий Давыдьконың айтуынша, оның әзірге жұмыс аты «Счастливый вечер» деп аталады.
Бағдарлама аптасына екі рет – сенбі және жексенбі күндері эфирге шығады деп жоспарланып отыр. Ол жеңімпаз атанған отбасылар үшін шынында да бақытты кеш болып шығады.
Баршаға белгілі, Ресей телеарнасындағы «Поле чудес» капитал-шоуы кезінде Американың «Сәттілік доңғалағы» деп аталатын телебағдарламасынан алынған еді. 1990 жылғы 1 қарашада бірінші рет Орталық телевидениесінде шыққан оны Владислав Листьев жүргізді. Оны 1991 жылғы 1 қарашадан бері Леонид Якубович жүргізіп келеді.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: Народня воля.