• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2016

Жекешелендірудің «екінші толқынына» қосымша серпін

394 рет
көрсетілді

Елбасы 2015 жылғы 30 қа­ра­шада Қазақстан халқына Жол­дауын­да ауқымды жекеше­лен­діруді тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін ішкі ресурстарды барынша босатудың тетігі ретінде айқындады. Жекешелендіру мынадай мақ­сатта жүргізіледі: - отандық кәсіпкерлікті ны­ғайту; - мемлекеттің экономикаға қа­тысу үлесін азайту; - мемлекеттік активтерді не­ғұр­лым тиімді меншік иесіне өткізу жолымен елдің жеке биз­несін одан әрі дамыту. Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жос­парын іске асырудың екі жылында жалпы сомасы 78,7 млрд. теңгеге 241 нысан сатылды. Анық­тама үшін: оның ішінде рес­публикалық меншік бойынша – 5,5 млрд. теңгеге 15 нысан (оның ішінде 1 нысан сенімгерлік басқаруға берілді); коммуналдық меншік бойынша – 2,9 млрд. теңгеге 116 нысан; ұлттық холдингтер мен компаниялар бойынша – 67,3 млрд. теңгеге 50 нысан; ӘКК бойынша 3 млрд. теңгеге 60 нысан сатылды. 77 нысанды жаңа меншік иелері, жеке тұлғалар – азаматтар иеленді. 70 нысанды заңды тұлғалар – инвесторлар сатып алды. 93 нысанды ағымдағы бірге иеленушілер (олардың ертеректе қатысу үлестері болған) сатып алды. 1 нысан («KEGOC» АҚ-тың 10%-ы) ІРО арқылы мыңдаған адамдарға сатылды. Өткен жылы бағасы 9 млрд. теңге тұратын «Транстелеком» АҚ, бағасы 7,5 млрд. теңге тұратын «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ квазимемлекеттік сектор бойынша, ал акцияларының мемлекеттік пакеті 1,6 млрд. теңгеге сатылған «Қазақ медици­налық үздіксіз білім беру уни­верситеті» АҚ республикалық меншік бойынша сатылған ең ірі нысандар болды. Тұтастай алғанда, 2014 жылмен салыстырғанда кешенді жос­пар бойынша 2015 жылы шыға­рылған нысандардың саны 17%-ға ұлғайды, сатылған нысандардың саны 8%-ға азайды. Бұл ретте, республикалық мен­шік бойынша 2014 жылмен салыстырғанда шығарылған ны­сан­дардың саны 64%-ға өсті, сатыл­ғандардың саны 3 есе ұл­ғайды. Жекешелендірудің «екінші толқыны» үдерісін талдауда ны­сандардың сатылу қарқынының төмендігі және сатудың ұзақ­тығы негізгі проблема ретін­де көрінді: шығарылған нысан­дардың 57%-ы сатылды. Проблемалар талданып, заңна­малық түзетулер енгізілді. «Мем­лекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жеке­шелендіруге шектеулерді алып тастайтын және осы үдерісті үде­туге мүмкіндік беретін түзе­тулер енгізілді. Осылайша, заң шеңберінде нысанды сауда-сат­тыққа шығару саны бойын­ша шектеулер айқындалды, сәтсіз 3 сауда-саттықтан кейін мәж­бүрлеп тарату, сауда-сат­тықты міндетті түрде электрон­ды форматта өткізу; жариялау мерзімі қысқартылды; халықаралық консультанттарды тарту көз­делді (ТОП-65 жаңа нысандары үшін өзекті) және т.б. Бәсе­келес ортада жұмыс істейтін стра­тегиялық емес нысандарға қатысты бөлікте мемлекеттік кәсіп­орындарды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы шешімді қабылдау бойын­ша құзырет Үкіметтен мем­лекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға және жергілікті атқарушы органға берілді, мұның өзі жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Заңды іске асыру үшін Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына тиісті өзгерістер енгізілді. Тұ­тастай алғанда, енгізілген түзе­тулер жекешелендірудің «екінші толқынына» жаңа серпін беруі, әлеуетті сатып алушыларды тартуы тиіс. Жекешелендіру үдерісінің ашықтығы мен айқындығы қам­тамасыз етілуде, жеке­ше­лен­діру нысандары, баға мен сауда-саттық түрлері gosreestr.kz сайтында қолжетімді. Смартфондарды пай­далану үшін Android пен Ios мобильді қосымшалар әзір­ленді. Пайдаланушылар үшін түсініктемелері бар роликтер мен нұсқаулықтар сайтта орналастырылды, саII-орталығы да жұмыс істейді. Қорытылған қысқаша ақпарат орталық газеттерде қайталанып жарияланады. Сонымен бірге, үнемі брифингтер, дөңгелек үс­телдер, көшпелі семинарлар мен кеңестер өткізіледі, радио мен теле­дидарда баяндамалар жасалады, мақалалар жарияланады. Алдыңғы тәжірибені ескере отырып, қателер мен қажетті тұстар ескерілгенін, техникалық бөгеттер жойылғанын, жеке­шелендіру үдерісінің сәтті өтуіне шаралар қолданылғанын айтуға болады. Елбасының экономикаға мем­лекеттің қатысуын қысқарту туралы тапсырмасына сүйене отырып, алдымызда саудаға қойылатын нысандардың санын барынша ұлғайту міндеті тұр. Осы мақсатта Қазақстан Үкі­ме­тінің 2015 жылғы 30 жел­тоқсандағы №1141 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленді, жеке­шелендірілуі тиіс және басым тәртіппен (ТОП-65) бәсекелес ортаға берілуге ұсынылатын 65 ірі ұйымның тізбесі және жеке­шелендірілуі тиіс және бәсекелес ортаға берілуге ұсынылатын қол­даныстағы өзекті етілген 718 ұйымның тізбесі бекітілді. ТОП-65 нысандарының тізбе­сіне теңгерімдік құны кем дегенде 5 млрд. теңге тұратын өте ауқымды әрі мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың тартымды компаниялары («Са­мұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәй­терек» АҚ және «ҚазАгро» АҚ) енгізілді. Жаңа кешенді жоспар Қазақ­стан Республикасы Үкіме­тінің жанындағы Жобалау офи­сін құруды; Қазақстан Респуб­лика­сының заңнамасы айқын­дай­тын тәртіппен мемлекет-жеке­меншік әріптестігі тетіктерін қолдана отырып, әлеуметтік ин­фрақұрылым нысандарын жеке секторға беруді; арнайы консультанттарды тартып, Бірыңғай ақпараттық саясат шеңберінде ауқымды РR-науқан жүргізуді көздейді. Жобалық офис аясында ашық та бәсекелес сауда-саттық, ТОП-65-ке қатысты әділ нарықтық құнын белгілеу үшін бағалауға жә­не жекешелендіру бойынша мәмілелерді сүйемелдеуге ха­лықаралық консультанттар шақы­рылатын болады. Жобалық офистің міндеті жекешелендірудің біріктірілген жоспарын қалыптастыру және бекіту, квазимемлекеттік сектор­дың активтерін бәсекелес ор­таға беру, сондай-ақ, қажетті іс-әрекеттерді, мерзімді және ак­тивті сәтті өткізуге жауапты адам­дарды нақты айқындай отырып, әрбір активті сату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. Ірі компаниялар стратегиялық инвесторларға немесе ІРО тетік­тері арқылы қор нарығына шығару жолымен сатылады. Ма­ңызды нысандарды сату бәсе­келестікті, өнім сапасын арт­тыруға және инвесторға әлеу­меттік міндеттемелерді жүктеуге мүмкіндік беретін белгілі бір талаптарды сақтай отырып жұр­гізіледі. Атап өтілгендей, басты міндет Елбасының Жолдауында айтылған кең ауқымды жекешелендіру мен бәсекелестікті ұлғайту. Аталған тапсырманы іске асыру үшін «YellowPagesRule» қағидат­тарын ескере отырып жасалған талдау қорытын­ды­лары бойынша Қаржы ми­нис­трлігі Ұлттық экономика ми­нис­трлігімен және са­лалық ми­нистрліктермен бір­лесіп, бәсе­келес ортаға беру үшін нысандардың тіз­бе­сін қосымша әзірлеп жатыр. Жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу үдерісін одан әрі жандандыру, былайша айт­қанда, мемлекет меншігін «жеңілдету» қажет. Түпкі нәтижесінде кең ау­қым­ды жекешелендіру, мем­лекеттік ұйымдардың бір бөлігін қайта ұйымдастыру мен тарату экономикадағы мемлекет пен ква­зимемлекеттік сектордың қатысу үлесін 15%-ға азайтуы тиіс. Айнагүл АУЖАНОВА, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті республикалық меншіктегі нысандарды сату және жекешелендіруден кейінгі бақылау басқармасының бас сарапшысы.