• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
02 Қыркүйек, 2011

Білім – өмірлік

411 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы   Білім және ғылым  министрлігінің еліміздің   оқушылар, студенттер, ұстаздар, ата-аналар қауымын жаңа  2011-2012 оқу жылымен құттықтауы Қымбатты оқушылар, студенттер! Құрметті ұстаздар, ата-аналар қауымы! Туған еліміз – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсанында тағы да бір оқу жылын өздеріңізбен бастағалы отырмыз. Қымбатты оқушылар мен студенттер, бірінші сыныпқа аяқ басқан бүлдіршіндер мен биыл студент атанған жастар, сіздерді Білім күні мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Қазіргі кезде сапалы білім алу үшін Елбасы­мыз Н.­Ә.На­зарбаевтың қолдауымен барлық жағ­дай­лар жасалуда. Жаңа білім беру ұйымдары, интернаттар мен жатақханалар бой түзеп, олардың бар­лығы соңғы үлгідегі жаңа технологиялармен жабдықталуда. Сондықтан, сіздердің білімдеріңіз бен жетіс­тік­теріңіз Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік қауым­дас­тық алдындағы беделінің одан әрі арта түсуіне қосылатын үлес болады деген сенімдеміз.

Құрметті ұстаздар!

Өткен жылдың аяғында Мемлекет басшы­сы­ның Жарлығымен Білім беруді дамытудың 2020 жыл­ға дейінгі мемлекеттік бағ­дарламасы қабылданды. Елбасының биылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында білім саласына ерекше көңіл аударылды. «Нұр Отан» партиясының ХІІІ съезінде мемлекет дамуының негізгі кілті ретінде адам құн­дылығы мен білім екендігі басты назарда болды. Осындай оқиғалар қоғамдағы білімнің алатын орнын анықтап отыр. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығында Қазақстан білім саласында биік белестерді зор абыроймен бағындырды деп мақтанышпен айта аламыз. Алдағы уақытта біздің алдымызда тұрған бас­ты міндет – білім саласын жаңа мазмұнмен және сапамен толықтыру. Мұндай игілікті әрі маңызды істің жемісін сіз­дер­дің кәсіби таланттарыңыз бен шеберлік­те­ріңіз­дің арқасында ғана көре алатындығымыз баршаға аян. Сондықтан да, сіздерге жаңа оқу жылы шы­ғармашылық табыс пен сәттілік әкелсін демекпіз!

Құрметті ата-аналар!

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында біз Қазақстан тарихында алғашқы рет жарқын бола­шағымыз – балаларымыз үшін барша Қазақстан қауымын күш біріктіруге шақырған Педагогика­лық форумды үздік мұғалімдердің, ата-аналар қауымдастығының, бизнес және азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен өткіздік. Біздің әрқайсымыздың басты тілегіміз – бүлдіршіндеріміздің бақытты балалық шағы, лайықты білім алуы және сүйікті Отаны­мыздың толыққанды азаматына айналуы. Тек қана білімді және тәрбиелі ұрпақ Қазақ­стан халқының мақтанышы болмақ. Сондықтан сіздерге де ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбекте­ріңіз жана берсін демекпіз. Жаңа оқу жылы баршамызға жетістіктер мен табыстар әкеле берсін!