• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2016

Діни бірлестіктер басшыларының үндеуі

314 рет
көрсетілді

2015 жылы Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблея­сының 20 жылдық мерейтойын атап өту шең­берінде 1 наурыз Қазақстан Респуб­ликасының Алғыс айту күні болып жария­ланды. Бұл мейрам көпэтносты және көп­конфессиялы Қазақстан халқы үшін терең тарихи және рухани мәнге ие. Қазақстан жері тоталитарлық жүйе үстем­дік құрған жылдары түрлі жағдайларға байла­нысты әділетсіздіктер мен жаппай қуғын-­сүргін көріп, жазықсыз зардап шеккен әр­түрлі этнос­тардың сан мыңдаған адамдары үшін ор­тақ үйге айналды. Қазақ халқы сонау қиын-қыстау заманда тағдыр тәл­кегіне түскен мұқтаж жандарға жоғары адамгершілік, мейірім­ділік пен жанашырлық таныту арқылы олардың бойында жарқын болашаққа деген сенім мен үміт отын жақты. Қазақстан халқы бүгінгі күн­де де өзде­рінің жарқын бола­шағын құруда және туындап отырған қиындықтар мен сынақ­тардан сүрінбей өтуде ауызбірлік танытуда. Біз конфессияаралық келі­сімді сақ­тау және нығайту, Елбасымыздың басшылы­ғымен жаңа асуларды бағындыру және өркендеген мемлекет құру міндеттері төңіре­гінде одан әрі бірігіп, жұмыла түсуге тиіспіз. Бұл мереке барлық этнос­тардың бір-біріне және қазақ халқына деген алғысының, ортақ Отанымыз бен біртұтас халқымызға деген адалдық пен сүйіспеншілігінің, жасам­паз еңбекке қабілеті мен шатты­ғының белгісі іспетті. Біз Алғыс айту күнінде Қа­зақстан хал­қына бақыт пен ынтымақ, береке-бірлік, тәуелсіз еліміздің өркендеуін тілей отырып, айтулы мерекемен шын жүректен құт­тықтаймыз. Біз бұл күні Мемлекет басшысы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қастерлі жерімізде бейбітшілікті сақтап, Мәңгілік Ел болуға жол салған сарабдал саясаты үшін шын жүректен алғысымызды біл­діреміз! Біздің алғысқа толы дұға­ларымызды Жаратушы қабыл еткей!  Е. МАЯМЕРОВ, Қазақстан мұсылмандары діни басқар­масының төрағасы, Бас мүф­ти; АЛЕКСАНДР, Астана және Қазақстан Митропо­литі; Т. ПЭТА, Астана қала­сын­дағы Қасиетті Мәриям Рим-католик архиепархиясының архиепископы; Е.КОГЕН, Қазақстанның Бас раввині; Ю.НОВГОРОДОВ, Қазақстан Республикасындағы Інжілдік лютерандық шіркеуінің епис­копы; Л.ПАЛАГИНА, Алматылық «Вон-Буддистер» шіркеуінің» басшысы.