• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2016

Аграрлы өңірдегі алқалы басқосулар

369 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов бастаған Рес­публикалық сайлауалды штаб кеше Ақмола облы­сында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. РСШ мүшелері мұнда облыстық шығармашылық интел­лигенция мен этномәдени бірлестіктер өкілдерімен, денсаулық сақтау және теміржол салаларының еңбеккерлерімен кездесті. Бұл жолы делегация құрамына Пар­ламент Мәжілісі V шақырылымының депутаты Сергей Дьяченко, «Ұлттық ғылыми медициналық орталығының» директоры Абай Байгенжин, «ҚТЖ» ҰК вице-президенті Роман Скляр, «Ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Михаил Трошихин, театр және кино актері Нұрлан Әлімжан, «Қазақстан барысы» даму қоры қамқоршылар кеңесінің төр­ағасы Арман Шораев және тағы басқа­лар да кірді. Мұнда олар «Родина» агрофир­ма­сының жұмысымен танысты. Соңғы үш жыл ішінде агрофирманың орташа жылдық өндіріс көлемі 3,7 миллиард теңгені құраған. Қазіргі таңда өндіріс көлемінің 65 пайызын егін, ал қалған бөлігін мал шаруашылығы құрайды екен. Жиналған қауым алдында сөз сөй­ле­ген РСШ жетекшісі Асқар Мырзахметов былай деді: «Елбасы тапсырмасына сәйкес, 2020 жылға қарай агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру 4, 5 есеге артпақ. Оған қоса, мемлекеттік субсидиялау соңғы өнім өндірісіне бағытталатын болады. Ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз етуде құс еті импортын 55%-дан 40%-ға, сүт импортын 28%-дан 25%-ға төмендету жоспарлануда». Мемлекет басшысы 2014 жылғы қыр­күйек айында ашқан «Қоғамдық келісім» үйінде РСШ мүшелері облыстық этномәдени ұйымдар өкілдерімен кез­десті. ҚХА мүшесі Жансұлу Исмаилова былай деді: «Елбасының бірегей бастамасы бүгінде күллі әлемге үлгі. Ұлт пен ұлысты ұйытып, береке-бірлікті сақ­тауда Нұрсұлтан Назарбаевтың ең­бегі ерен. Бейбітшілік – баға жетпес бай­лық. Сол үшін біз «Нұр Отанға» дауыс береміз». Ал Ш.Құсайынов атын­дағы облыстық драма театрында шығар­машылық және зиялы қауым өкіл­дерімен болған кездесуде «Нұр Отан» партиясының ұлттың рухани құндылықтарын сақтауға айрықша назар аударып келе жатқаны ерекше айтылды. РСШ мүшелері, сонымен қатар, облыстық Қан орталығына да барды. Ал «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ақмола облыстық бөлімшесінде болған кезінде мемлекеттің халықты жұмыспен қамтып, сапалы өмір сүруге жағдай туғызып отырғанына кезекті мәрте көз жеткізді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы.