• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2016

Мүлікті жария ету жүйелі жалғасуда

250 рет
көрсетілді

Қазіргі уақытта жария етуге шығарылған мүлік сомасы еліміз бойынша 1 трлн. теңгеге жетті. Оның 787 млрд. теңгесі жария етілген, соның ішінде ел аумағындағы мүлік 500 млрд. теңгеге жуық, шетелдегі мүлік – 1 млрд. теңге, ал ақшалай қаражат 287 млрд. теңгені құрайды. Бұл туралы кеше Үкімет отырысында мәлім болды. Кеше Премьер-Министр Кә­рім Мәсімовтің төрағалығымен Үкі­мет­тің селекторлық режімдегі кезек­ті отырысы өтіп, онда еліміз­де жүргізіліп жатқан мүлікті жария ету шаралары туралы мәсе­ле талқыланды. Жария ету науқа­ны­ның барысы жайында Қаржы ми­нистрі Бақыт Сұлтанов баяндады. «Егер өткен жылдың 1 желтоқ­санынан бастап күшіне енген заң­ның жаңа ережелеріне дейін барлығы 425 млрд. теңге жария етілсе, соңғы үш айда қосымша 362 млрд. теңге жария етілді», деді Қаржы министрі. Оған қоса, азаматтарға заңның бұрынғы ережелері бойынша ақшаны жария етуге төленген 3 млрд. теңгенің 2,5 млрд. теңгеге жуығы қайтарылған. Науқан кезінде өз мүлкін жария етуге құзыретті органдарға барлығы 78 мыңға жуық адам жүгініпті. «Яғни, түзетулер науқан барысына жаңа серпін бергенін көріп отырмыз. Бұл халық тарапынан зор қызығушылықты білдіреді», деп атап өтті Б.Сұлтанов. Өз кезегінде, Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Ұлттық банк және ЕДБ сайттарында түсінікті және қолжетімді ақпаратты жариялау арқылы ақпараттық қамту және жүргізіліп жатқан жария етуді қолдайтын жұмыстар күшейтілгенін атап өтті. «Өңірлер деңгейінде Ұлттық банктің филиалдары белсенді тартылған, олардың өкілдері екінші деңгейлі банктердің бас­ты кеңселерінде және филиалдарында жария ету шарттары туралы ақпараттық материалдардың бар-жоғын тексереді, банктің жауапты қызметкерлерінің жүргізіліп жатқан науқан жайлы хабардарлығы дәрежесін анық­тайды, азаматтардың ескерту­лерін жазып алады, түсіндіру жұмыс­тарын жүргізеді. Банктердің жұмы­сындағы жария ету мәселелеріне қатысты барлық анықталған кем­шіліктер жайлы банк басшылары ақпараттандырылып, оларды жою бойынша нақты шаралар қолданылады», деді Д.Ақышев. Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы К.Мәсімов тиісті мемлекеттік органдарға аталған жұмысты жалғастыруды тапсырды. Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан».