• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №18-04/128

300 рет
көрсетілді

2015 жылғы 25 ақпан,  Астана қаласы Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киімді киюге құқығы бар жұмыскерлерінің тізбесін бекіту туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 50) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киім киюге құқығы бар жұмыскерлерінің тiзбесi бекiтілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы С.ОМАРОВ. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 18-04/128 бұйрығымен бекітілген Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киімді киюге құқығы бар жұмыскерлерінің тізбесі 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) төрағасы – Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы. 2. Комитет төрағасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын орынбасарлары – Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары. 3. Комитеттің жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын басқармалар басшылары мен бас сарапшылары – Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторы. 4. Комитеттің жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын сарапшылары – Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы. 5. Комитеттің аумақтық бөлімшелердің басшылары – тиісті облыстың Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы. 6. Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын орынбасарлары – тиісті облыстың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары. 7. Комитеттің аумақтық бөлімшелердің жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын бөлімдерінің басшылары – тиісті облыстың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторы. 8. Комитеттің аумақтық бөлімшелердің жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын бас және жетекші мамандары – тиісті облыстың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы. 9. Жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары - жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi инспектор. 10. Аға қорықшы, қорықшы – жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi инспектор. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 27 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10546 болып енгізілді.