• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2016

Ақтөбеде трасплантацияға қатысты халықаралық симпозиум өтті (фото)

253 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 4 наурыз. Осы жылдың 29 ақпаны мен 3 наурызы аралығында  Ақтөбеде Қазақстан, Оңтүстік Корея, Ресей Федерациясы және Түркия елдері өкілдерінің қатысуымен өткен органдарды трасплантациялау бойынша халықаралық симпозиум болды. Облыста бұған дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы және әлемдік санаттағы оңтүстіккореялық Кангнам Северанс емханасы арасында қол қойылған меморандум жүзеге асырыла бастаған болатын. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ынтымақтастық аясында тараптар алғаш рет Ақтөбеде халықаралық симпозиум өткізіп, Қазақстан аймақтарында органдарды трасплантациялауды дамытуды талқылады. Ауқымды шараға Сеул ұлттық университеті госпиталінің президенті Бьюнг Хи Ох, Ресей мен Түркияның денсаулық салаларындағы беделді қайраткерлер, республикалық трансплантация бойынша үйлестіру орталығының директоры Жақсылық Досқалиев, «А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық хирургия ғылыми орталығы» АҚ директоры Болатбек Баймаханов, Астана, Шымкент, Алматы медициналық орталықтарының өкілдері қатысты. Симпозиумға қатысушыларға құттықтау сөз арнаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қонақтарға Қазақстан мен Ақтөбе облысының денсаулық сақтау саласына қосып жатқан үлестері үшін алғыс білдіріп, симпозиум жұмысына сәттілік тіледі. «Қазіргі таңда облыста медициналық кластерді қалыптастыру бойынша ауқымды жоба қолға алынып жатыр. Онда өзге қызмет түрлерімен қоса, органдарды трансплантациялау мүмкін болады. Бұл бағытта жұмыстар басталды. Сеул ұлттық университеті мамандарының қолдауымен биыл Ақтөбеде бауырды ауыстыру бойынша ота сәтті жасалды. Сонымен бірге, бір жылда бүйректі ауыстыру бойынша 8 ота жасалды», – деді өңір басшысы. «Аймақта трансплантацияны дамыту – ауқымды жоба, оны жүзеге асыруға болады», – деп санайды республикалық трансплантация жөніндегі үйлестіру орталығының директоры Жақсылық Досқалиев. «Қазақстандықтар алға тек мақсат қоюмен ғана шектелмей, оны орындай да алады. Айталық, аймақтарда қардиохирургиялық қызмет дамып келеді. Осы жобаны жүзеге асыру нәтижесінде миокард инфарктінен болатын өлім көрсеткіші 30 пайызға азайды. Кез келген елдегі медициналық көмектің деңгейі трансплантологияның даму көрсеткішімен анықталады. Бұл бағытта көп ілгерілеу бар», – деді Жақсылық Досқалиев. Трасплантология бойынша үйлестіру орталығы директорының айтуына қарағанда, бүйрек пен бауырды ауыстыру бойынша сәтті оталар жасалған Ақтөбе облысын трасплантологияның жаңа деңгейіне көтерілді деуге болады. Шара қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Әсет Қалиев пен Сеул ұлттық университеті госпиталінің президенті Бьюнг Хи Ох аймақтағы трансплантологияны дамыту саласында бірлесіп жұмыс істеуді қарастыратын екі жақты меморандумға қол қойды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Батыс Қазақстанда осы ғылымның дамуына сүбелі үлес қосқан отандық және шетелдік дәрігерлерге Алғыс хаттар мен естелік медальдер табыстады. Симпозиумге қатысқан мықты хирург-трансплантологтар екі күнде ақтөбелік әріптестеріне тірі донордан бүйрек пен бауырды трасплантациялау бойынша шеберлік дәрістерін өткізді. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: Хайреден Раушанов.