АСТАНА. 17 наурыз. 4 сәуір күні Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында мәнерлеп сырғанау мектебі ашылады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мектепте 4 жастан бастап балалар мен 35 жасқа дейінгі азаматтар мәнерлеп сырғанаумен айналыса алады. Мектепте үйірмеге қатысушылар халықаралық, республикалық, қалалық жарыстарға қатысып, көрермендер үшін өздерін шақырған кез келген жерде өнерлерін көрсете алады. Мәнерлеп сырғанауды үйрену кезінде мұз айдынында жаттығулар, дене тәрбиесі мен классикалық хореографиядан сабақтар болады.
Дастан Кенжалин.
Дерек, сурет: egemen.kz